12
І БӨЛІМ
қатысы бар.
Бастапқыда пенде жаратушыдан алыс болады. Сон-
дықтан да жан иесі өмір бойы жаратушысын аңсайды.
Оны білуге, тануға ұмтылады. Бұл барлық адамдарды,
сонымен қатар барлық жан иелерін біріктіреді. Бүкіл жан
иелерінің мақсаты біреу-ақ. Ол Аллаға қайту. Ал бара-
тын жолдары әр түрлі.
Пенде баласының бастауынан қашықтап кетуі оған
өмір бойы маза бермейді. Осыны ол бар болмысымен
сезінеді және соған ұмтылады. Біздің өмірімізде бұл қа-
лыпты жан тыныштығы, бақыт, қуаныш, ләззат дейді.
Пенде баласы заттық фәни әлемде бір затқа ие болғысы
келсе, осы рақатқа шомылуды аңсайды. Ол ақшаның,
тамақтың, ішімдіктің, шылымның, есірткінің, бағалы
заттардың, ойын сауықтың, жеңіл жүрістің көмегімен
қолдан жасалған уақытша рахатқа шомылғысы келеді.
Уақыт өте келе осының бәрі бекершілік екеніне көзі же-
теді.
Қартайған шағында бекерге кеткен уақытына өзегі
өртеніп, өмірдің негізгі мәнін түсінеді. Өмірдің не үшін
берілгенін ұғынады. Өкінішке орай өткен күн өлген күн,
ол қайтып оралмайды.
Достарыңызбен бөлісу: