Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, 
ақ қауданды қырыққабат және т. б.). 
Сабақтың ішкі құрылысы 
 
2-сурет. Сабақтың ішкі құрылысы. 
1. Сыртқы қабық. 
2. Тоз. 
3. Камбий. 
4. Сүрек. 
5. Өзек. 
а) Бір жылдық ағаш; 
ә) Екі жылдық ағаш; 
б) Үш жылдық ағаш. 
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. 
Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек (2-
сурет). 
1. Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң – 
түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, 
орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін 
өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған 
жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын 
білінеді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін тін қабаты 
орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы 
дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады. Қабық 
өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. 


29 
 
 
2. Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын сылып тастаса 
камбий жасушаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады). Қабықшасы жыртылған 
жасуша ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді. Сылынған жерді саусақпен сипаса, 
шырышты дымқыл байқалады. Камбий ағаштардың бір жылдық өркенінде (2-суретте, а) 
қабықтан кейінгі сары түсті қабат) пайда болады. Камбий жасушалары ұшы сүйірленген 
ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. Барлық 
жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем 
шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл 
сайын жуандай береді. Камбийден жылдық қабаттар (шеңберлер) түзіледі. Шеңбер саны 
арқылы ағаштардың жасын ажыратуға болады. 
3. Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. 
Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары 
қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың 
қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз 
бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі. 
4. Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, 
органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек 
сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 
Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек 
сәулелері де камбийден түзіледі. 
СҰРАҚТАР 
1.  Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық 
тірек: 
2.  Тік сабақты өсімдіктер: 
3.  Желі сабақты өсімдіктер: 
4.  Шырмалғыш сабақты өсімдіктер: 
5.  Өрмелегіш сабақты өсімдіктер: 
6.  Жабысқақ сабақты өсімдіктерге жатады: 
7.  Сабақтары жеңіл, жіңішке, ұзын болғандықтан өрмелегіш сабақты өсімдіктерді: 
8.  Қабықтың құрылысы ( қабаттары): 
9.  Қабықтың ішкі құрылысы: 
10. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін: 
11. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды: 
12. Үлкен ағаштарда өң түлеп түскенде орнын: 
13. Қабықтан кейінгі орналасатын қабат: 
14. Камбийден кейін орналасатын қабат: 
15. Сабақтың орталық бөлімі: 
16. Сүрек: 
 
 
 


30 
 
III ТАРАУ. САБАҚТЫҢ БОЙЛАП ЖӘНЕ ЖУАНДАП ӨСУІ 
 
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. 
Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне 
байланысты. Өсу – тіршіліктің белгісі. Өсу жылдамдығы барлық өсімдіктерде бірдей 
емес. Мысалы, ағаштар баяу өссе, бамбук (ол ағаш емес) өте тез өседі. Сабан сабақтың 
әрбір буынаралықтарының түбінде түзуші ұлпа болады. Өсуі күндіз де, түнде де 
қарқынды жүреді. 
Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасынікі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; 
қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге 
австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады. 
Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық 
бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс 
орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. 
Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, мол өнім беру үшін көктемде 
шырпиды. Бөлме өсімдіктерін шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет