Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Қосжақтаулы былқылдақденелі жәндік – айқұлақ және оның құрылысы.  Қорытынды



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
2-сурет. Қосжақтаулы былқылдақденелі жәндік – айқұлақ және оның құрылысы. 
Қорытынды. Сонымен құрлық ұлуларында тынысалу жүйесі тыныс саңылауларынан 
және шапанша қуысынан және шапанша қалтасы мен қантамырларынан, ал судағы 
былқылдақденелілерде желбезек тақташалары мен сифондардан тұрады. Қан екі жағдайда 
да газалмасуға қатысады. 
Шаршылы өрмекші денесінің баскөкірек пен құрсақ арасында орналасқан қос өкпе – ауа 
қапшығы арқылы тыныс алады. Қапшықтардың арасы көптеген жапырақ тәрізді 
қатпардан тұрады. Бұл жапырақшаларда қанайналымы үздіксіз жүреді де, оттегімен 
қанығып, денеге тасымалданады. Сонымен бірге құрсақтарында тыныс саңылауына 
ашылатын екі шумақ демтүтікшелері бар. 
Қоңыздар (қиқоңыз, зауза, сүңгуір қоңыз, т.б.) хитинді демтүтіктері арқылы тыныс алады 
(3-сурет). Қоңыз көкірегі мен құрсағының екі қапталын бойлай ұсақ саңылаулар (тыныс 
саңылаулары) орналасқан. Осы саңылаулардан дененің ішіне қарай хитинді 
демтүтікшелері жалғасады. Олар тармақталып, бүкіл ішкі мүшелерді торлайды. Тіпті 
аяқтардың, мұртша сезім талшықтарының ұшына дейін жетеді. Құрсақ бұлшықеті 
жиырылғанда ауа демтүтіктен сығылып, сыртқа шығады. Бұлшықет босаңсығанда
сырттан ауа сорылып, оның бүкіл тармақтары ауаға толады. 


91 
 
 
 
 
3-сурет. Зауза қоңыздың ішкі құрылысы. 
1. Өңеш. 2. Қарын. 3. Ішек. 4. Мальпигий түтікшелері. 5. Аналық без. 6. Демтүтік. 7. 
Құрсақ жүйке тізбегі. 8. Жұтқыншақ жанындағы жүйке сақина. 
СҰРАҚТАР 
1.  Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзаларды: 
2.  Сілемейлі жұқа тері жабыны арқылы оттегімен тыныс алатын жәндік: 
3.  Тыныс алуды қамтамасыз ететін арнайы мүшелер жүйесі бар жәндік: 
4.  Қосжақтаулы былқылдақденелілердің төменгі саңылауы ... деп аталады: 
5.  Қосжақтаулы былқылдақденелілердің жоғары саңылауы ... деп аталады: 
V ТАРАУ. ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму 
деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін 
жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі – желбезек
Балық желбезегі 3-4 жұп желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында 
желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары болады. Оны сыртынан 
желбезек қақпашасы жабады (1-сурет). 
 
 
 
1сурет. Балық желбезегі және оның құрылысы. 


92 
 
1. Желбезек доғалары; 2. Желбезек күлтелері; 3. Желбезек саңылаулары; 4. Күлтелердегі 
қылқантамырлар; 5. Желбезек қақпақшасы. 
Балық суды толассыз «жұтады». Су ауыз қуысынан желбезек жапырақшаларына барып, 
сол арқылы суда еріген оттегін қанға сіңіреді. Денедегі көмірқышқыл газы суға қосылып, 
желбезек қақпашасы арқылы сыртқа шығады. 
Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің 
реті: танау тесігі - көмекей - кеңірдек - өкпе. Бұл жүйедегі газ алмасатын ең негізгі 
мүше – өкпе. Басқа мүшелердің қызметі – негізінен алғанда өкпеге ауа жеткізу. Олар 
ауаның тазалығы мен қалыпты температурасы болуын қамтамасыз етеді. 
Өкпе құрылысының жалпы сұлбасы мен қызметі барлық омыртқалыларда бірдей. 
Ерекшелігі – тек бұл мүшенің даму деңгейіне ғана тән. Сондықтан тынысалу жүйесімен 
танысуды қосмекенділерден бастайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет