Әрбір ересек адам үшін оның өміріндегі ең жақын әрі қадірлі нәрсе – бала. Оның жарық дүние есігін ашқанда іңгәлаған дауысы мен алғашқы жымиып, шалықтап күлген кездері, «апа», «әке» деген алғашқы сөздері өмірін мән-мағынаға толтырады. Бала үшін ата-ананың ыстық ықыласы мен мейірімінен артық не болмақ?
Көптеген отбасылар бала сүйгісі келеді, алайда бала асырап алу жайында шешімге келу оңай емес. Сонда й-ақ, бүгінгі қоғамда отбасылық бақыттан айрылған қаншама сәби бар. Қымбатты болашақ ата-ана, қиындықтан ешуақытта қорықпаңыздар! Жер бетіндегі ең үлкен бақыт – әке атану мен ана болу бақыты! Сәл ойланып көрсеңіз, дүниеге ұрпақ әкелуден де маңыздысы, оны азамат етіп, тәрбиелеп өсіру екендігіне көз жеткізер едіңіз.
Егер Сіз бала асырап алғыңыз келсе, республикамыздың кез келген аймағынан не болмаса тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына барып, өтініш беруіңізге болады.