Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34-бап
Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге; ә) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына; б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
35-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.
36-бап
Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.
37-бап
Қатысушы мемлекеттер:
а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді; ә) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді; б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын қамтамасыз етеді; в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді.