1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
6 жасар балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
Мектепке оқуға алғашқы рет баратын балалар, міндетті түрде функционалдық дайындықтарын -«мектептік ер жетуі» қоса анықтайтын, толық медидиналық тексерумен қамтамасыз етілуі керек. Бұл жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі және мектеп жасына дейінгі балаларға салауаттандыру шараларын жүргізумен қатар, олардын қажетті функцияларын түзетуді қарастырады. Бірінші тексеру оқуға баратын жылдың алдында қазан-қараша айларында жүргізіледі. Тексеру бала-бақшада немесе балалар емханасында (ұйымдастырылмаған балалар үшін) педиатр, офтолъмолог, психоневропатолог, хирург, ортопед және тіс дәрігерінің қатысуымен жүргізіледі.
Балалардың мектепке оқуға дайындық дәрежесі екі белгі бойынша анықталады: медициналық және сихофизиологиялық.Медициналық белгілер жоғарыда айтылған мамандармен анықталады және:
- биологиялық даму дәрежесі;
- тексеру кезіндегі денсаулық жағдайын;
- өткен жылғы жедел ауру-сырқаулар жағдайын анықтауды қамтиды.
Психофизиологиялық белгілер мектепке дейінгі мекемелердің медициналық дәрігері немесе балалар емханасының дәрігерінің тексеруі арқылы анықталады және:
- Керна-Ирасека тестін;
- дыбыс жүйесінің сапасын анықтауды қамтиды.
- Бірінші терең тексеруден кейін денсаулық жағдайында ауытқулары бар балалар, балалар емханасына емделуге жіберіледі.
- Тіл дамуындағы кемшіліктерді жоюды логопед жүргізеді, моторикадаеы кемшіліктерді түзетумен (сурет салу, жазу) тәрбиеші немесе ата-аналары айналысады. Мектепке түсетін жылы балаларды қайтадан тексеру, баланың «мектептік ер жету» туралы сұрақты толық шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |