Бала мінезіндегі қайшылықтардың пайда болу себептері және оларды шешу жолдары
Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек,оқушылар арасындағы нашақорлық,алкогольді пайдалану,адам өлтіру ,ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан –жылға өсуде. Осыған байланысты қоғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып,педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатса да, «қиын бала» мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей келеді.
Баланың жеке қасиеттерінің,психологиялық дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптердегі негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ ,нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын ,оның ақылы да яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен,балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады.Бұл оның өмірінде роль атқарады. Ана құрсағында –ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм,иіс айыратын түйсіктер ,заттың түсін,пішінін түйсіне алу қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында , оқу –тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі , өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік ,имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен ,үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды,не ақылсыз , зұлым не ақ ниетті болып келмейді. Мұның бәрі де жүре пайда болады.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай , тиісті мөлшерге қалай бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай ,ашуланғыш не сабырлы келе ме,әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай –осы жөнінде де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй –іші еркелетсе онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып,күйіп –пісетіні кездеседі. Керісінше,күтпеген жағдайда «жақса», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.
Мінез-құлқы қиын бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен ,оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4-сыныпқа қарай мектеп мотивциясының төмендеу тенденциясы байқалады. Қазіргі зерттеулерге қарағанда ,тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді,әуелі қайғыға ұшыратады да ол қайғы баланы ашуланғыштыққа әкеп соқтырады. Тәртіп бұзу осыдан шығады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі –сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушылар тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбіне бала мінезінің дұрыс тәрбиеленуінен де болады. Бірақ осылай болған жағдайда да тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп ,барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені ,тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес,оның үй ішіндегі жағдайларға да ,айталық ата-ананың бірлігінің жоқ болуына да байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі , оқуы ,өсуі қажет.Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады,өзіне деген сенімділігі ,өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайға,нәтижеге жетуіне ,дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Өсіп келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп түрлі қасиеттердің жағымды-жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық –педагогикалық әдебиеттерге сүйенсек,тәрбиелеудің негізі екі арнадан тұратынын көреміз
Бірінші бала көзін жеткізу,екінші жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру.Осы екі жолды қатар бір –бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе ,бала мінезі саналық жолға бағытталады.:
Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта бақылау.
Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін ,бақылау жұмыстары,шығармалары)
Оқушылармен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу
Достары жөнінде әңгіме жүргізу
Оқушы жөнінде достарымен ,ата-анасымен әңгіме жүргізу
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында мынандай әдістерді қолдануға болады: «Отбасы суреті» , «Адамды сал» тесті, әңгімелесу.Алдымен балаларға «Балалар сендер үйде кіммен тұрасыңдар?», «Отбасы мүшелеріңді салыңдар» деген тапсырма беріледі. Суретті талдау барысында баланың отбасы мүшелерін қалай суреттегеніне көңіл бөлу керек. Бұл суретте әрбір фигураның орналасқан орны ерекше ескерілуі керек. Әсіресе баланың орны. Егер бала суретте өзін шетте салған болса ,онда ол балаға отбасында ерекше көңіл бөлмегендігін білдіреді. Соған байланысты бала мінезінде қиындықтар болуы мүмкін. Мінез –құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рол атқарады. Осыған байланысты оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында А.И.Липкинаның «Үш баға» әдісін қолдануға болады. Әдісті жүргізу үшін оқушыларға «Жалқаулықпен, қалай күресуге болады » деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылады. Шығарманы мұғалімдермен бірге отырып бағалайды. Әр мұғалім өз бағасын қояды. Шығарманы таратып берер алдында оқушыларға : «Сендердің жұмыстарыңды үш мұғалім тексерді ,әрқайсысы өз бағасы қойды.Ал сендер өздеріңе ұнаған бағаны белгілеңдер »- делінеді. Сосын оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
1.Сен өзіңді қандай оқушымен деп санайсың-орта ,нашар, үздік?
2. Сені қандай бағалар қуантады?Қандай бағалар ренжітеді?
3. Сенің жазған жұмысың «3» бағаланады, ал мұғалім саған «5» қойды.Сен оған қуанасың ба?
Сонымен оқушылардың өзіндік бағалауы қандай деңгейде анықтауға болады. Ежелден мәлім қағида-адам бойындағы адал қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше.
Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар аудандық білім бөлімі " ММ «№44 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы
Әбдіманап Мақпал Бақбергенқызы
Достарыңызбен бөлісу: |