Бала тәрбиесі – ұлт болашағы. «Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ»



Дата18.11.2022
өлшемі19,8 Kb.
#51158
Байланысты:
Бала тәрбиесі – ұлт болашағы.


Бала тәрбиесі – ұлт болашағы.
«Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген қазақта жақсы сөз бар. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Біз балаға бесіктегі сәби кезден дқрыс тәлім- тәрбие бере алмасақ, ұлт болашағын ойлаудың өзі қорқынышты. «Гүл күнге қарап өседі»демекші жас өркен аға буынға қарап бой түзейді. Сондықтан ұлтымыздың болашағына алайдайтын бірден-бір жан болсаңыз, тәрбиелеуді өзіңізден бастаңыз.
Қазақ халқы әуелден тәрбиені, бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойған. Аналарымыз баланы емізбеген. Осы арқылы баланы тазалыққа, түрлі ақын-жыраулардығ өлеіңің жаттатқызып білімге, тәрбиеге ұлтжандылыққа, үлкенді сыйлауға баулыды. Ұлттық тәрбие мен сусындап өскен жас- елінің қамын ойлайтын азамат болып шығады. 
Қазіргі таңда орын алып жатырған оқиғаларға қарап, ұлттық тәрбиемізді насихаттау жолдары азайып бара жатырма деген ой келеді. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы». Бұл тақырыптың жас ұстаздарға беріліп отырғаны тегін емес және құптарлық жайт. Бала тәрбиені отбасыдан, бала- бақшадан, кейін мектептен, қасындағы адамдардан алады. Ұстаз болып мектепке келгеннен кейін, алдында отырған шәкірттерінің білімімен қатар, тәрбиесі тікелей сағанда байланысты. Кішкентайдан санада қалыптасып келе жатырса, ол ертеңгі күні өз жемісің береді. Балалар санасына тәрбиені өткізілетін тәрбиелік- мағыналы шаралар арқылы, өмірден түрлі мысалдар ала отырып түсіндіреміз. Балаға өз тіліңмен емес, өз тілімен түсіндір деген. Ата-ана, ұстаз болып ұлт тағдыры үшін салғырт қарамай бірге отырып қарқынды жұмыс істесек нәтижелі болмақ. Тәрбиелеп отырып, арман көгіне самғауға мүмкіндік беріп, ұшқыр ойы мен талмас қанатын шыңдасақ болашағынан мол үміт күтеріміз хақ.
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. 

Тапсырма: мәтінді аудару, « Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбына эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет