Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Орындаған:Жарылқасын Дина
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
1.Ата-ананың балаға деген сенімінің жоғары болуы.Яғни бала жауапкершілікпен бір міндетті өзінің қолына алса ата-ана балаға күдікпен емес сеніммен қарап, қолдау көрсетуі қажет.
2.Баланың уақытын тиімді пайдалануға үйрету.Айта кетер болсам қазіргі заманда еңбектеген баланың өзі смартфондарға қызығып тұрады.Ата-ана өзінің баласынан талап етуге құқысы бар.Мысалы:6 дан 9 ға дейін сабақ оқисың, 9 да ұйықтайсың.Сол талаптары орындасаң күніне 2 немесе 1,5 сағат компьютер ойнайсың т.с.с дегендей.
3.Баланың араласатын ортасын танып білу.Яғни өзінің баласының достарының қандай адмадар болатыны, қандай адамдармен араласып жүргені ата-ананы толғаныдыруы керек.Мәселен, ата-ана баласының бірге өсіп келе жатқан ортасына мән бермеді дейік.Оның айналасындағылардың бір-екеуі шылым шегуге, бір-екеуі спирттік ішімдіктер ішуге әуес дейік.Сіздің балаңыз да оны өолданып көруі мүмкін немесе достары мәжбүрлеуі мүмкін.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
4.Ата-ананың шектен тыс жұмыс басты болмауы.Баласының сабағына, киім киісіне, жүріс- тұрысына, болып жатқан мәселелеріне және де тәрбиесіне көңіл бөлу.
5.Әрбір ата-ана бала болмысындағы қабілетін анықтауы қажет.Яғни, бала өскен соң немесе тым кіші кезінен түрлі үйңрмелерге беріп мазасын қашырмай, балаңыз нақты қандай әске жаны жақын, қандай іске келгенде арманы асқақ, қабілеті бейім екенін анықтау.Бала енді үйреніп, машықтанып бір істі қолға алған кезде оған ұстамдылықпен, сабырлылықпен қарау т.с.с.
Қорытындылай келе мен өз ойымды ұлы ғалым А.С. Макаренконың ата-аналарға берген кеңесімен аяқтағым келеді.Ол өзінің «Ата-анаға арналған кітабында»:
«...Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші роль атқарады.Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойлайсыз.Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмағанда да іске асады.Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандармен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз,қалай күлетініңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі балаңыз үшін маңызды.Тіпті дауыс екпінінің өзгеруі де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да.Ал. отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз» - дейді.
Жұмыс орны
Адамдармен қарым-қатынас
СТИХИЯЛЫ ТӘРБИЕ
Көше және қоршаған орта
Отбасылық тәрбие
Рухани тәрбие
БАЛА
Стихиялы тәрбие
Ата-анасы
Туған-туысқандары
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ
Отбасылық дәстүрлері
Балабақша
Мектеп
РУХАНИ ТӘРБИЕ
Ақпарат құралдары,т.б.
Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар.
- Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
- Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасызба?
- Сізге балабақшадағы тәрбиешіден “Сіздің балаларыңыз басқа балаларды ұрады” деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да “Біздің баланы ұрды” деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: “Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың”,-деп айтып жататыны байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
- Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
- Балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
Қорытынды
Ата-анаға көз қуныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: “Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер”,-деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты,адамгершілігі мол,білімді,саналы ұрпағын тәрбиелейік.
Достарыңызбен бөлісу: |