Тақырыбы: «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» Мақсаты:
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі— психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде Өзін-өзі тану пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өзесіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
2. Ойқозғау:
Ата-аналар 3-топқа кәмпит түстері арқылы бөлеміз.
1-топ Қызыл түсті кәмпиттер
2-топ Жасыл түсті кәмпиттер
3-топ Сары түсті кәмпиттер
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым— қатынасы әсерін тигіземе?
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
3. Топпен жұмыс
Үш топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер құрап қорғайды
Мақсаты: ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.
1-топ Қазіргі замандағы ұстаз қандай болу керек?
2-топ Қазіргі оқушылар қандай болу керек?
3-топ Қазіргі ата-аналар қандай болу керек?
4. Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өздеңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз олемес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалдыда, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, өйткені сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Видеоролик көрсету
5. Слайд көрсету (ата-анаға кеңес). Слайдқа назар аударыңыздар.
Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.
Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.
Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек