Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі əсерінен қалыптасады жəне үлкен дəрежеде



Pdf көрінісі
Дата09.05.2022
өлшемі44,64 Kb.
#33804


Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі əсерінен қалыптасады жəне үлкен дəрежеде

бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тəжірибесінің жеткілікті болуына,

қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне жəне тəрбиелеу мен оқытуға тəуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың

физикалық жəне ақыл-ой дамуымен қатар дамиды жəне оның жалпы дамуының

көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді

жəне барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі

патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік

жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын жəне шарттарын білу қажет,

осыдан оның жақсы дамуы тəуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін

бала тілі дамуының əр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала əлі

сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты

дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу

патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тəрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін

қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны

білу жөн: ең алдымен əр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол

белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта

бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нəтижені бермейді.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің əр түрлі санын бөледі, оларды

əр қилы атайды, олардың əр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев

баланың сөйлеу тілінде əр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің

сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды жəне осының негізінде бірқатар

кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа

дейін) жəне сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

Осы кезеңдердің сипатталуына тоқталайық.

Осымен,І кезең – дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге

дайындығы болады.

Балада туғаннан бастапдауыс реакциялары пайда болады: айқай жəне жылау. Олар

адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу

аппаратының үш бөліміндегі жіңішке жəне түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тəрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл

баланың əсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға

бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тəрбиенің негізі бес жасқа

дейін қаланады.

Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дəлдікке үйрету шындыққа

тəрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.



Мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы

демек адамгершілік ақыл – ой жəне басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың

мəдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тəрбиесіне

байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту.

Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ақыл-ойдың дамуы – бұл бала жасына, тəжірибесінің молаюы жəне тəрбиелік

ықпалдарының əсеріне байланысты ойлау əрекетіндепайда болатын сан жəне сапалық

өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен

жүреді. Таным процестерді жетіледі, бала ақыл-ой əрекетінің қарапайым əдістерін

меңгереді.

Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық іс-əрекеті үшін зор маңызы

бар. Ақыл-ойды дамыту əлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол

айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде

пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл –ойды

неғұрлым тиімді дамыта оқыту мен тəрбиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері –білімдер жүйесін

игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту жəне білімдер алуға қажетті

танымдық қызмет əдістерін меңгереді деп есептейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін

олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды

ескере отырып, ақыл-ой тəрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен

əдістері белгіленеді.

Ақыл-ой тəрбиесі міндеттерін шешу жолдары : бір жағынан баланың мүмкіндігін

барынша пайдалану жəне екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын ,

шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.

Ақыл-ой тəрбиесі- балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің

мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды,

оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуалдық дағдылар мен

іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Ақыл-ой тəрбиесінің басты құралы – айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық

құбылыстары. Осылардың əсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы

дамиды.


Ақыл-ой тəрбиесінің негізгі құралдарының бірі – ойын. Ол баланың ерекше əрекеті. Əр

ойын баланың дамуына əр қилы əсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы

түние туралы түсінігі кеңейіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем əдебиет

шығармаларын терең түсінуіне, , тілдің дамуына əсер етеді.

Ақыл- ойды дамытудың пəрменді құралдарының бірі – оқыт процесі. Оқытуда бала

жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны

ұйымдастырудың əсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін,



жауапкершілігін , тəртібін тəрбиелейді. Ақыл-ой тəрбиесінің тағы бір бағалы құралы –

еңбек.


Еңбек арқылы бір бала түрлі құбылытармен олардың пішіндері , көлемдері , сан алуан

материалдардың қасиетімен танысады.

Ақыл-ой тəрбиесінің əдістері : табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс жəне

жүйелі ұйыдастыру , əңгіме əдісі, көркем сөзбен əңгімелесу ,

көрнекіліктер пайдалану., қызықтыру т.б.

Ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тəрбиесінің алатын орны ерекше «Сенсор»

латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан.

Сенсорлық тəрбие ақыл-ой тəрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным

-ақыл-ой тəрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тəрбиенің басты міндеттері -ақыл-ой

дамуының негізін салу жəне эстетикалық тəрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну.

Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады.

Сенсорлық тəрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың

сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-əрекеттің тиімді түрлі

–көркем сурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді ,

өрнектерді қиып желімдеу əрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар ,

педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-əрекет болып табылады.

Сенсорлық тəрбие мазмұны – баланың үстерді ажырата алуы, олардың ренктері

туралы яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе ренк пайда болатынын үйрету.

Сондай-ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат

алатынын көре білу қабілетін дамытады. мектепке дейінгі шақта «алға-артқа» ,

«жоғары-төмен », «алыс-жақын», «солдан- оңнан» т.б. кеңістік туралы түүсініктерді

игереді. Уақыт туралы ұғымдары: «кеше», «бүгін», «ертең» т.б. арнайы мақсатты оқыту

нəтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тəрбие мазмұнына есту сезімділігін

дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап , ажырата білуі, музыкалық есту

қабілетін дамыту енеді. Сондай-ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы, ажырата білуі

жəне оларды: тегіс, мамық, кедір -бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы

т.б.деп дұрыс атай білуге үйренеді.

Қорытынды: Қорыта келе ақыл- ой тəрбиесі жəне айналадағы тіршілік құбылыстары

жайлы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге , танымдық психикалық

процестерді дамытуға мəн береді. Ақыл- ой тəрбиесінің құралдары мен əдістері ,



баланың ақыл -ойын дамытудағы сенсорлық тəрбиенің маңызын түсінеді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет