БАЛАБАҚШАДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Балабақшада ақпараттық технологияларды қолдану жолдары
Түйін сөздер: ұйымдарда инновациялық білім беру құралдарын қолдану, флипчарт, электронды көрнекілік.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуда ақпаратты технологияларын пайдалану.
Міндеттері:
— Балабақша жас ерекшелігіне сәйкес ақпаратты технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындап алу;
— Ақпараттық технологиялық құралдармен жабдықтау;
— Арнайы сабақтарда қолданылатын технологиялық құралдарды анықтау;
— Бос уақыттарында ақпараттық технология құралдарын қалай пайдалану керектігін дайындау;
— Осыны жүзеге асыруға арналған әдістемелік көмекші құрал дайындау. Болжамы:
Егер балалардың ойлау қабілеттерін дамытуда ақпаратты технологиялар тиімді пайдаланып, көрнекіліктер, көмекші құралдар жасалса, онда іс-тәжірибе оң нәтиже береді.
Күтілетін нәтиже:
— Ақпараттық технология арқылы берілген тапсырмаларды орындай алады;
— Компьютерлік ойын тапсырмаларын еркін орындайды.
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағымды әсерімен қатар жағымсыз әсер ететіні сияқты компьютер баланың өміріне ерте жастан бастап енетінін білеміз. Баланың психикасына әсер ету күші бойынша заманауи ақпараттық технологияларды басқа құралдармен салыстыруға келмейді. Балабақшадағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар – заманауи мектепке дейінгі тәрбиелеудің өзекті мәселесі. Ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа талаптарды ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы мақсаты – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заман талаптарына сай мектепке дейінгі ұйымдарда АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар көру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.
Осындай құралдардың бірі – «Флипчарт». Флипчарт деп блокнот қағидасы бойынша аударыстыратын парақ немесе қағаз блогына арналған магнитті маркерлік тақтаны айтады. Интерактивті тақта мен заманауи бағдарламалық жабдықтың пайда болуына байланысты интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдықтама терезесіне (мысалы, ActivInspire), белгілер, суреттер, бейне-, дыбыс файлдар, анимациялар, интерактивті сабақтар және веб-сілтемелер қосуға болатын тіктөртбұрыш жұмыс кеңістігін флипчарт деп атайды.
Үй тапсырмасы:
1.Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технология пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік
2.Флипчарт дегеніміз не?