Балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде халық педагогикасы элементтерін пайдалану Асанханова Жанна



жүктеу 77.39 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі77.39 Kb.

Балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде халық педагогикасы  элементтерін 

пайдалану 

Асанханова Жанна  

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту  

 мамандығының 3 курс  студенті 

 

Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна  

профессор, п.ғ.к 

Абай атындағы  Қазақ Ұлттық 

 педагогикалық  университеті  

Резюме 

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  использования  элементов 

народной  педагогики  в  учебно-воспитательном  процессе  дошкольных 

учреждений. Организации дошкольного образования является первой ступенью  

формирования  эмпирических  знаний  детей  дошкольного  возроста,  поэтому 

актуальным является формирование этнического самопознания детей 

 

Научное  исследование  рассматривает  средства  и  методы  народной  



педагогики,  с  помощью  которых  педагоги  организации  дошкольного 

образования  и  воспитывают  у  детей  дошкольного  возраста  чувства 

собственного 

достоинства, 

нравственные 

и 

эстетические 



чувства, 

справедливости,  любовь  к    родине,  родным  и  окружающим  богатейшего 

арсенала  народных  средств  воспитания  и  обучения  формирует  у  детей 

мировозрение, этические и эстетические нормы, способствует общему развитию 

детей дошкольного возраста. 

 

Ключевые  слова:  организации  дошкольного  образования,педагог-воспитатель, 



народная педагогика,обычаи и традиции, народные игры,индивидуальность. 

 

Summary 

  In that Articl is opened the promblems of usiny the civic pedagogics elements in 

educational process in pre-school organizations. 

             The  article  is  about  forming  children  from  kindergarten.  The  epicenter of 

education is  kindergarten. The main  purpose of  educators  is  to  teaching  in children  

intelligent,  insightful,  oratorical opportunity.The  future  of  our  country  through  - 

childrens   upbringing  of  the  children,  morality,  affection,  compassion,  brotherhood, 

good manners, beauty education will be considered

.

 

Kindergarten,  child,  kindergarten    teacher,  national  pedagogics,    customs  and 

traditions, national game, proverbs and sayings, figure, tongue twister, fairy tales  


JANNA ASANKHANOVA 

Kazakh National Abay Pedagogical  University 

 

  

Елбасы  Н.Назарбаев  «Қазақстан  –  2030»  Жолдауының  «Қазақстан 



мұраты»  деп  аталатын  бӛлімінде:  «біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 

бабаларының  игі  дәстүрін  сақтай  отырып  қазіргі  заманға  нарықтық  экономика 

жағдайында  жұмыс  істеуге  даяр  болады.  Олар  бейбіт,  азат,  жылдам  ӛркендеу 

үстіндегі  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  ӛз  елінің  патриоттары  болады»,  –  деп 

үміт артып отыр [1]. 

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс 

–  тәсілмен  берілетін  жан  –  жақты  тәлім  –  тәрбие  ісі  кӛбінесе  балабақшадан 

басталып,  мектепте  педагогикалық  үрдістің  жалғасын  табатыны  бәрімізге 

белгілі.  

        Тәуелсіз  мемлекетіміздің  бүгінгі  таңдағы  басты  міндеттерінің  бірі  –  ӛз 

Отанына  деген  елжандылық  сезімін  жас  ұрпақ  бойына  сіңіріп,  ұлттық  тәлім 

тәрбие  беру,  халық  педагогикасы  арқылы  баланың  дүниетанымын 

қалыптастыру,  әр  халыққа  тән  салт-дәстүр мен  әдет-ғұрыпты  білуге  тәрбиелеу 

болып отыр.        

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, 

бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – ӛсиет, ӛнеге қағида 

болып  таралып  келген  тәлім  –  тәрбие  тағылымының  бай  мұрасы  бар.  Ол 

халықтық педагогика деп аталады. 

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел  – жұрт, ауыл – 

аймақ,  тіпті  бүкіл  халықтық  қарым  қатынастан  берік  орын  алған  тәлім  – 

тәрбиенің  түрі.  Ендеше,  халық  педагогикасы  қоғам  дамуының  барлық 

сатыларынан  ӛтіп,  тәжірибеде  жүйеленіп,  ғылыми  педагогикалық  дәрежеге 

жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар кӛзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.  

           Қоғамның  барлық  тарихи  даму  кезеңдерінде  халық  педагогикасы  жайлы 

ұғымды  анықтау,  әр  түрлі  ғылыми  -  педагогикалық  кӛзқарастарды 

қалыптастыру проблемаларына    ғалымдар, педагогтар  ерекше назар аударды, 

құнды  пікірлер  айтты,  ӛмірлік  мұра  қалдырды.  Олар:  орыс  педагогтары  

К.Д.Ушинский, 

Н.К.Крупская, 

А.С.Макаренко, 

В.А.Сухомлинский, 

В.И.Водовозов,  Г.С.Виноградов,  чуваш  педагогы  Г.Н.Волков,  татар  педагогы 

Я.И.Ханбиков,  азербайжан  педагогы  А.Ш.Гашимов,  грузин  педагогы 

А.Ф.Хантибидзе,  қырғыстан  ғалымы,  академик  А.Э.Измаилов,  қазақтың 

кӛрнекті  педагогы  Ыбырай  Алтынсарин,  қазақтың  ұлы  ақыны,  педагогы 

Мағжан  Жұмабаев,  Абай  Құнанбаев,  Шоқан  Уалиханов,  Шәкәрім 

Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, М.Әуезов  т.б.   


  

Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне 

негізделген 

бай 


тәрбиесінің 

жиынтығы. 

Этнопедагогика 

– 

халық 



педагогикасының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тағылымдарын  ғылыми  жүйеге  келтіріп 

зерттейтін  ғылыми  педагогиканың  бір  саласы.  Этнопедагогиканың  мақсаты  – 

халықтық  салт-дәстүрді,  ӛнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін  қадірлейтін, 

Отанын,  елін,  жерін  сүйетін,  жан-жақты  жетілген,  саналы  жасты  тәрбиелеу. 

Сондай-ақ,  халықтық  тәрбие  түрлерін  жас  бүлдіршіндердің  бойына  сіңіртіп 

ілім, білік дағдыларын дамыту, сӛйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, 

жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  шығару.  Ол  басқа  тәрбиелермен  қатар 

жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың ӛнер туындылары 

негізінде  оқытып,  тәрбиелеу  арқылы  іске  асырылады.  Этнопедагогика  бала 

денсаулығы  мен  денесінің  жетілуі  жӛніндегі  қамқорлық  ақыл-ой  мен  еңбекке 

дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты 

реттеу,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  мен  қайта  тәрбиелеу,  яғни  тұлға  қалыптастырудың 

бүкіл  жетекші  бағыттарын  қамтиды.Қазақтың  тұрмыс-салтымен  байланысты 

туған  ӛлең-жырлары  мен  жиын-тойлардағы  ақындар  айтысында,  ұлттық  ойын 

түрлерінде,  терме,  толғаулар  мен  мақал-мәтел,  афоризм  сӛздерде,  билердің 

шешендік сӛз ӛнерінде кӛзделетін мақсат, біріншіден  – ас пен тойды қызықты 

ету  кӛрермен  кӛңілін  кӛтеру  болса,  екіншіден  –  адамның  кӛңіл-күйіне  сӛз 

құдіретімен  әсер  ету,  жүрек  тебіренісін  туғызу,  үшіншіден  –  жиынға  

қатынасушы  үлкен-кішінің  бәріне  ақыл-нақыл  айту,  ой  салу,  жақсыдан 

үйренсін,  жаманнан  жиренсін,  тәлім  алсын  деген  ойдан  туындаған.  Халықтық 

шығармалар  мен  ұлттық  ойын  түрлеріндегі    негізгі  ой  түйіні  ұрпақтың  еңбек 

сүйгіш,  елгезек,  малсақ  болып  ӛсуін  кӛздеу,  еңбекке,  ӛнерге  тәрбиелеу.  Осы 

мақсаты  ата-ана,  отбасы  үлкендері,  ауыл-аймақ,  ел-жұрт  болып  ұжымдасып, 

бірлесіп іске асырған. 

Халық  педагогикасын  дамытуда  қазақтың  ұлы  ақыны,  педагогы  Мағжан 

Жұмабаев  үлкен  үлес  қосты.    М.Жұмабаев      ұрпақ  тәрбиесінің  мақсатын  айта 

келіп,  былай  деді:  «...тәрбие  мақсаты  –  адам  деген  атты  құр  жала  қылып 

жапсырмай,    шын  мағынасымен  адам  қылып  шығару».  Жас  ӛспірімдердің 

тәрбиесін  халық  ӛмірі  және  іс-әрекеттерімен  үйлестіріп  жүргізу  қажет  деді. 

М.Жұмабаев педагогиканы ұрпақ тәрбиесінде пәрменді құрал деп атады [2]. 

          Кемеңгер жазушы М.О.Әуезов: «Табиғатты баурап алғанша адам қиялмен 

танып  меңгеріп,  оған  ӛз  ықпалын  жүргізуді  арман  еткен.  Ол  ертегі,  аңыз, 

әңгімелер  түрінде  тараған.  Ертегілерде  қоғамдық  тартыс  та,  күштілердің 

кӛпшілікке  кӛрсеткен қиянаты, зорлық-зомбылығы да, халықтың әділет, арман 

туралы ұғым-нанымы да түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, 

халық  санасындағы  отаншылдық  сезімді,  адамгершілік  гуманизмді,  халықтың 

қанатты  үміті  –  оптимизмді,  сол  халықтың  ӛткендегі  ӛмірін,  аңсау  арманын, 

әдет-ғұрпын  кӛреміз...»  -  деп,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  ауыз  әдебиетінің 

орнын жоғары бағалаған [3]. 


          Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты 

соның  жолына  бағыштап,  кӛркем  сӛзге,  ӛлеңге,  әнге,  күйге  қосып,  неше  түрлі 

қызықты  ертегілер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  әңгімелер  шығарып,  оларды 

күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. 

            Халық  педагогикасының  қайнар  бұлағы  –  ауыз  әдебиеті  үлгілері. 

Адамдық  ұстанымдарға  негізделген  шығармалар  –  ертегілер,  аңыз-әңгімелер, 

ӛлең-жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, қанатты 

сӛздер  -  жас  ұрпақты  адамгершілікке  (отаншылдыққа,  бауырмалдыққа, 

жолдастыққа, достыққа, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, үлкенді сыйлауға, ата-

ананы құрметтеуге) тәрбиелеу, ақыл-ой санасын дамыту, дене тәрбиесі (мәдени-

гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру,  денсаулығын  нығайту),  еңбек  тәрбиесі 

(күнделікті  тұрмыс-тіршілік,  мал,  егін  шаруашылығы,  аңшылыққа  баулу), 

эстетикалық  (қолӛнер,  жан  және  тән  сұлулығы),  т.б.  тәрбиесін  жүзеге  асыруға 

бағытталған.  Ерте  заманнан  бастап,  жас  ӛспірімдердің  ой-ӛрісін,  зеректігін 

дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде 

қолданылып келді. 

           Енді    осы    халық  педагогикасының  асыл  мұрасы,  құрамды  бӛліктеріне 

талдау  жасайық.  Қазақ  халқының ӛмір кешкен  тарихында ұлттық  ойындардың 

кӛптеген  түрлері  балалық,  жеткіншектік,  жас  ӛспірімдік  шақтағы  балалар 

тәрбиесінде  пайдаланылды.  Ал  қазіргі  кезде  ұлттық  ойындардың  кӛпшілігі 

тәлім-тәрбие  саласында  зор  педагогикалық  құралға  айналды.  Бүкіл 

халқымыздың ұзақ ӛмірінде ӛздері қызықтаған алуан ойын ӛнері болды. Ойын 

тек қана  кӛңіл кӛтеру , кӛңілін шаттандыру ғана емес, ол ӛзінше ерекше қазақ 

халқының  әлеуметтік  ӛміріне  байланысты  тәрбиелік  мағынасы  зор  жеке 

адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. 

             Ұлт ойындары ӛзінің мазмұнына байланысты үш топқа бӛлінген: ойын-

сауық,  тұрмыс-салт  ойындар,  дене  шынықтыру  ойындары,  спорт  ойындары, 

оймен келетін ойындар. 

  

 1.  Ойын-сауық,  тұрмыс-салт  ойындарының  қырықтан  астам  түрлері  бар. 



Олар:  мысалы,  «Қалтырауық  қамыр  кемпір»,  «Белбеу  тастау»,  «Балтам  тап», 

«Алтыбақан»  т.б.Ұлт  ойындарының  бұл  тобына  халқымыздың  ӛмірінде, 

тұрмысында қалыптасқан ӛнер мен білім, еңбектің түрлері, жастар арасындағы 

ойын-сауықтар,  халықтың  мақал-мәтелдері,  ұрпақтың  негізгі  жайыттары  жан-

жақты түсінуіне кӛмектеседі. 

2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алады. 

Олардың  саны  жүзден  астам.  Ол  ойындардың  халық  жиі  қолданып  келген 

бірнеше  түрлерін  атап  кетуге  болады:  «Ақ  серек,  кӛк  серек»,  «Айгӛлек», 

«Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Жасырынбақ», «Доп тебу» т.б. 

3. Оймен келетін ойындар балалардың  қисындылық және математикалық 

ойдың  дамуына  кӛмектеседі.  Олардың  ішінде  ӛте  күрделі  ойындарға  тоғыз 

құмалақ,  шахмат,  дойбы  жатады.  Бұл  ойындардың  бәрінде  ақыл-ой  жетекші 

десек  артық  болмайды.  Мұндай  ойындардың  жауабын  табу  үшін  ойынға 


қатысушылар  терең  ойға  салып,  қисындылық,  бірізділік  принципіне  сүйене 

отырып, шешуге болады. [4] 

          Мақал-мәтелдер  халықтың  ауызша  ақындық  шығармашылығының  кӛп 

тараған  ескерткіштері.  Оларда  ғасырлар  бойы  халықтың  әлеуметтік  тарихи 

тәжірибесі  жинақталған  және  ӛмір,  тұрмыс,  жастар  тәрбиесі  туралы  нақыл 

сӛздер  арқылы  халықтың  ой-пікірі,  арманы,  кӛзқарасы  баяндалған.  Осындай 

қасиетті  сӛздерді  қазақ  халқы  қастерлеп,  ӛнеге  етіп,  дана  адамдардың  ӛлең 

ӛрнектерімен  ойластырылған  мақал-мәтелдерін  үнемі  пайдаланып  келген. 

Балабақшада тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал-мәтел 

туралы  түсінік  беріліп,  оларды  қолданудың  қажеттілігі  туралы  айтылады. 

Мысалы,  «Әке-тірегің,  ана  -  жүрегің»  деген  мақалдың  мәні,  мазмұны  ондағы 

жеке  сӛздердің  мағынасы  туралы  сұрақ-жауап  тәсілін  қолданып,  тәрбиеші 

балдырғанның  түсінігін  байқап,  ұғымын  байытады.  Мақал-мәтелдер  халық 

ӛмірінің барлық жағын қамтиды. Мысалы. Ел, жер жӛнінде: 

                                  Басқа елде сұлтан болғанша, 

                                  Ӛз  еліңде ұлтан бол. 

Ата-аналар жайлы: Әкеге қарап ұл ӛседі, 

                                  Шешеге қарап қыз ӛседі. 

Халықтың  мақалдары  мен  мәтелдерін  оқу-тәрбие  жұмысында  қолдану  үшін 

олардың  түрлеріне  (ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек  және  эстетикалық  тәрбие, 

дене  тәрбиесі)  байланысты  жоспардың  әр  тарауларына  енгізуді  дұрыс 

ойластыру  керек.  Әрбір  тақырып  бойынша  шаралардың  тәрбиелік,  білімдік 

жағына  мән  беріп,  жоғары  әдістемелік  деңгейде  ӛткізілуін  қамтамасыз  ету 

қажет.  Әрине,  мұның  бәрі  ұйымдастырушы  адамның  кәсіби  қабілетіне, 

іскерлігіне байланысты. 

          Нақты  бір  зат  туралы  тұспалдап, ұқсатып,  бейнелеп  айту  арқылы  баланы 

ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен ӛткізіп, 

тұжырым  жасап,  шешімге  келуде  тапқырлық  және  дүниетанымдық  дәрежесін 

байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Халық 

арасында ежелден айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны кӛптеп саналады. 

Жұмбақ  балалардың  қиялын,  танымдақ  іс-әрекетін,  қабілетін  дамытады.  Оның 

жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен ӛткізеді. Содан кейін шешім 

қабылдайды.Жұмбақтардың  тәрбиелік  және  дидактикалық  мәні  ӛте  зор. 

Сондықтан  оларды  тәрбие  сағаттарында,  ертеңгіліктерде,  ойын-сауықтарда 

пайдалануға болады. 

           Халық  баланың  тілін  ширату  үшін,  оған  сӛз  үйретіп  дүниетанымын 

дамыту  мақсатында  жаңылтпаш  ойлап  шығарған.  Жаңылтпаштарды  жаттап, 

жаттыға  айту  арқылы  баланың  ана  тілін  ардақтау,  сӛз  қадірін  білу  сезімі 

қалыптасып,  ой-қиялы  дамиды,  тәлім  алады.  Жаңылтпаштарды  халық  бала 

психологиясы 

мен 

тілінде 


болатын 

мүкістерге 

сәйкес 

шығарған. 



Жаңылтпаштың бір ерекшелігі әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, 

тәрбиелеу.  Балабақшада  тіл  ширату,  кӛркем  сӛз  оқу,  тақпақ  айтуға 



балдырғандарды  жаттықтыру  үшін  арнайы  уақыт  бӛлініп,  эстетикалық  тәрбие 

жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтқызуға 

болады. Балабақшада жаңылтпаш айтудың мәні зор. 

          Ертегі  қазақ  халқының  тұрмыс-салтын,  арман  үмітін,  ӛткен  ӛмірін 

танытатын ауыз әдебиеті саласының бірі. Ертегілер ӛте ерте заманда жазу-сызу 

болмаған кезде пайда болған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік 

білмеген  олардың  неліктен  болатынын  толық  түсінбеген  адамдар  әр  нәрсені 

қиял  еткен.  Ӛздерінің  ауыр  еңбектерін  жеңілдету  жағын  ойластырған 

балабақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс кезде жүргізіледі.  Сәбилер 

тобында  кӛлемі  шағын  ертегілер  ауызша  әңгімелеп  беру  тәсілі  арқылы 

таныстырылады.  Ал  ересектер  тобында  оқығанда  тыңдатумен  әңгімелеп  беру 

қатар жүргізіледі.  

           Халық 

педагогикасы 

элементтерін 

қарапайым 

математикалық 

түсініктерді  қалыптастыру  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  тиімді 

пайдалануға  болады.  Қарапайым  математикалық  түсініктерді  қалыптастыру 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін  халық  педагогикасымен  байланыстыруда 

қазіргі  қолданып  жүрген  балаларға    арналған  оқу  құралдары  да  кӛптеген 

мүмкіншіліктер  береді.  Ӛйткені,  оқу  құралдарындағы  есептерде  халық 

педагогикасының  элементтері  барынша  қолданылған  және  суреттері  ұлттық 

дәстүр,  ӛнер,  мәдениет  жайында  әр  алуан  мағлұмат  беруге  бейімделген. 

Дегенмен,  тәрбиешінің  оларды  қолданудағы  ӛзіндік  шығармашылық 

жұмысының мәні әрқашанда биік тұрады. 

            Қарапайым  математикалық  түсініктерді  қалыптастыру  оқу  іс-әрекетінде 

мақал-мәтелдерді,  жаңылтпаштарды,  ұлттық  ойындарды,  санамақтарды 

пайдаланудың  мәні  зор.Халқымыздың  ұлттық  мұрасына  балаларды  баулу, 

үлкенді қадірлеу, қазақ халқының мейрімділігі, сыпайылығы, сӛзге беріктігі, ән 

сүйгіштігі туралы әңгімелеу мақсатында оқу іс-әрекетінде «Теңге алу», «Ұшты-

ұшты», «Айгӛлек» т.с.с. ұлттық ойындарды қолдануға болады. 

          Математикалық 

мазмұндағы 

жұмбақтардың, 

мақал-мәтелдердің 

педагогикалық  мүмкіндіктері  мынадай:  балаларға  заттың  немесе  құбылыстың 

заттық  сипаттамасын  және  мәнін  түсіндіруге  септігін  тигізеді,  олардың  білім 

қорын кеңейтеді, ақыл-есін, қиялын дамытады, дүниетанымдық кӛзқарасы мен 

эстетикалық  талғамын  қалыптастырады.  Сондай-ақ  мақал-мәтелдер  де 

халықтың  ӛмірі,  тыныс  тіршілігі,  ерік,  достық  пен  ынтымақ  сияқты  іргелі 

мәселелермен  қатар:  математика  ғылымында  кездесетін  сан,  кеңістік,  кем, 

артық, тең т.б. ұғымдардың да тізбегі әр қырынан кӛрінеді.  

Қаншама  заман  ӛтсе  де,  маңызын  жоймаған  халықтық  педагогиканы 

тәлім-тәрбиенің  туы  қазығына  айналдыру  ата-ананың  да,  балабақшаның  да 

басты  борышы.  Халықтық  педагогика  дәуірдің  небір  қатал  сынынан  ӛтіп, 

жаңарып,  шым  болаттай  тіршілік  тынысы  және  салт-дәстүрлері  мен  біте 

қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.   



 Халықтың  айтқан  ӛсиет  сӛздерінің,  ырымдардың,  дүниетанымдық 

болжамдарының, ӛнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының кӛріністері - 

бір  тұтас  ғылыми  педагогикалық  психологияның  негізінде,  этнокомплекстік 

тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.  

  Сондықтан  сан  ғасырлар  бойы  халықтың  ӛзімен  бірге  жасап,  ұрпақтан-

ұрпаққа мұра болып ӛмір сынынан ӛкшеленіп ӛшкен бүгінгі ӛмірге жеткен әдет-

ғұрып,  салт-дәстүрлерді білу  әрбір  отбасының,  тәрбиеші-ұстаздардың  абройлы 

міндеті. 

Қорытындылай  келе,  бұл  айтылғандардың  барлығы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  оқу    іс-әрекетінде  халықтық  педагогика  элементтерін  пайдалану 

қажеттілігін  кӛрсетеді.  Осындай  ғасырдан-ғасырға  ұласып,  ел  екшеуінен  ӛтіп, 

мол  да  шексіз  қазына  болып  қалыптасқан  асыл  мұратымыз  халық 

педагогикасының  лайланбас  тұнығын,  тот  баспаған  асылын  әрбір  баланың 

бойына сіңіру, бүгінгі күннің еңселі міндеті.               

                                

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Назарбаев Н. Ә. “Қазақстан - 2030”. Ел президентінің Қазақстан халқына   

     жолдауы.  Егемен Қазақстан, 1998 

2.Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы, 1992  

3.Әуезов М. Шығармалары.20 томдық.-Алматы, 1995 

4.Ашайұлы Ә. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру.  

   Алматы, 1993 

  

  

  



 

 

 . 


  

 

 



 

 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

    


 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет