Байланысты: Ізгі-педагог Ш.А.Амоношвили еңбегіне пікір
«Менің жүрегімнің бағы - менің бастауыштан бері оқып жатқан достарым! Мен өз сыныбымды және сынып жетекшісі Барлыбаева Гульнара апайымды жақсы көремін. Олар менің ең жақсы достарым. Олар ақкөңіл, жайдары, көңілді, шуақты,бақытты, куатты, қызықты балалар. Әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз! деп апайым бізге үнемі айтып жүретін ақылы». Сейткамал Фариза, 6-сынып оқушысы. Ш.А. Амоношвилидің еңбегіне пікірімді «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» атты әңгімесімен қорытындылаймын. «Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын» деп бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер жаман қасиеттер көрінісі болып табылады.Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң жан сұлулығына!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-Алматы, 2015ж. 57 бет
Ш.А.Амоношвили «Вера и любовь» — М.: Издательский дом Ш.А. Амонашвили, 2009.
Источник:http://pritchi.ru/id_9704
1 Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану