Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет45/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Желшешек

Желшешек (Ветряная оспа) – тері және шырышты қабықтарда іші мөлдір сұйықтыққа толы бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын, тез жұққыш жедел жұқпалы ауру. Жұқпалылығы - 100% , яғни 100 адам желшешекпен ауыратын адаммен қатынаста болса, барлығы дерлік осы аурумен ауырады.

Аурудың қоздырғышы - желшешек вирусы. Ол герпес вирусына ұқсайды. Қоршаған ортада төзімсіз, аса ұшпалы (ауа арқылы келесі бөлмелерге, тіпті желдету жүйелері арқылы көрші үйлерге де тарайды). Бұл ауру өте кең таралған. Тұрғындардың барлығы 10 – 14 жасқа дейін ауырады. Аурудың көзі - желшешекпен немесе герпеспен ауыратын адам

Аурудың таралу жолы – ауа – тамшы жолы. Жүктіліктің соңғы күндері желшешек болса балада туа пайда болған желшешек дамиды (11 күнге дейін ауырса, туа пайда болған желшешек).

Инкубациялық кезең 11 – 21 күнге созылады. Әдетте ауру жеңіл ағымда өтеді. Желшешекке тән клиникалық белгілер:


  • Везикулалық бөртпе:

  • «дүркін – дүркін» дене қызуының көтерілуімен сипатталады;

  • қышиды;

  • бастың, беттің, дене, қол – аяқтың терілерінде, шырышты қабықтарында орналасады (алақан, табанда болмайды);

  • даму кезеңдерінен өтеді (дақ – папула – қабық).

  • Бөртпелердің жалған полиморфизмі (теріде бір уақытта әртүрлі даму кезеңіндегі бөртпелердің болуы).

Желшешекте бөртпелер іріңдеп, жиі асқынады (пиодермия, абцестер, стоматит, импетиго, коньюнктивит, стрептодермия, күйдіргі). Әдетте бұл асқынулар әлсіз балаларда тері, шырышты қабықтардың гигиенасын сақтамағанда дамиды.

Емі. Симптомдық және жергілікті ем қолданылады. Бөртпені 1% бриллиант көгімен немесе 5% калий перманганат күйдіреді.

Қазіргі кезде вирусқа қарсы дәрілер: ацикловер, виролекс т.б қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет