Алдын алу. Алдын алу шараларына: бактериотасымалдаушыларды, менингококты жұқпамен ауыратын науқастарды анықтау, науқасқа және қатынаста болғандарға қатысты барлық іс – шараларды толығымен өткізу жатады. Сонымен қатар үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, ЛОР – мүшелерін санация жасау, жеке бас гигиенасын сақтау, баланың иммунитетін көтеру мақсатында дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру жатады.