Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты ауруы басталғаннан кейін 30 күнге оқшаулайды
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
| |
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау.
| |
4. Аз мөлшерде, механикалық тұрғыда жеңіл, тез сіңетін, майлы емес тамақ беру.
|
Қосымша тітіркеністерден булығып жөтелу ұстамасының алдын алу үшін
|
5. Қорғау режимін ұйымдастыру, баланың тыныштық күйін сақтау.
|
Булығып жөтелу ұстамасының алдын алады.
|
6. Таза ауада ұйықтату, бөлмеде таза, ылғалды ауа ұйымдастыру.
|
Булығып жөтелу ұстамасының алдын алады.
|
7. Жұқпалы аурулардан, суықтаудан сақтандыру шараларын жүргізу.
|
Пневмония, бронхит т.б асқынулардың алдын алады.
|
Алдын алу. Алдын алу шаралары эпидемиологиялық таралудың 3 кезеңіне бағытталады. Науқасқа және қатынаста болғандарға (7 жасқа дейінгі балалар) қатысты барлық іс – шараларды толығымен өткізу жатады. Сонымен қатар үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, баланың иммунитетін көтеру мақсатында дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру жатады.
Арнайы алдын алу. Вакцинация 2, 3, 4 айлық жасында АКДС вакцинаны 0,5 мл мөлшерінде, санның сыртқы, жоғарғы бөлігіне бұлшық етке жасалады. Ревакцинация – 18 айда.
Достарыңызбен бөлісу: |