Балалар аурулары пәнінен тест сұрақтары ~~


~~Геморрагиялық васкулиттің синонимдерін көрсетіңіз: ~~



бет2/25
Дата18.12.2023
өлшемі140,4 Kb.
#140705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
~~Геморрагиялық васкулиттің синонимдерін көрсетіңіз:


~~Науқас 10 жаста. Іш ауырсынуы мазалайды. Тексеруде тізе буындары ісінген, ауырсынады, буын айналасында бөртпелер бар. Коагулограммада: қан ұю ретракциясы жоғарылаған, протромбинді пайдалану төмендеген, рекальцификация уақыты төмендеген, фибриноген жоғарылаған. Диагнозын көрсетіңіз:
~~Ұл бала 11 жаста. Ұсақ нүктелі бөртпенің шығуына шағымданады. Дене температурасы 37,6С0. Анамнезінде экзема, жиі суық тиіп ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Иықтың, балтырдың терісінде, ірі буындардың айналасында симметриялы экссудативті-геморрагиялық бөртпелер. Таңдайдың шырышты қабатында бірен-саран петехиялер. Жүрек тондары тұйықталған. Нәжісі мен зәрінде патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің диагнозыңыз:


~~Бала 9 жаста, мұрнынан қан кетумен зардап шегеді. Зертханалық тексеруде анықталды: тромбоциттердің ристомицинмен агрегациясының бұзылуы, коллагенмен, АДФ, адреналинмен агрегациясы қалыпты, тромбоциттердің адгезиясы және VIII фактор деңгейі төмендеген. Болжам диагнозды қойыңыз.
~~Бала 11 жаста, шөлдеуге, зәр шығаруының жиілеуіне, әсіресе түнгі уақытта, терісінің қышуына шағымданады. Қант диабеті диагнозын қою үшін міндетті түрде жүргізу қажет:
~~Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:
~~Науқас 1-типтегі қант диабеті декомпенсация кезеңінде, Куссмаул тынысының пайда болуы мынаны негіздейді:
~~Науқас 10 жаста, ауруханаға ессіз жағдайда түсті. Анамнезінен 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәуліктік 36 бірлікте инсулинотерапия қабылдайды. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – оң нәтижелі. Диагнозы қандай:
~~Бірінші жедел босану, бірінші жүктіліктен туған бала. «Жұлын-ми жарығы» диагнозымен перзентханадан хирургия бөліміне ауыстырылды. Екінші рет жүктілікті жоспарлау кезінде, екінші балада жүйке түтігі ақауының қауіптілігін төмендету үшін осы әйелге міндетті түрде тағайындау керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет