Балалар әдебиетінің тағылымдық мәні



Дата10.04.2023
өлшемі37,06 Kb.
#80847
Байланысты:
ОБӨЖ 5 әдебиет


ОБӨЖ №5
Балалар әдебиетінің тағылымдық мәні.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлігі. Оның қазақ әдебиетіндегі орны және ара -қатынасы, бір-біріне әсері туралы , сондай- ақ қазіргі бала тәрбиесін бүгінгі теледидарға, компьютерге жүктедік.Ғалам қаншалықты өзгеріске ұшыраған сайын да сонымен бірге жаңа өзгерістерге ұшырайтыны ақиқат.Сондай кезде адам өзінің тектілік , ұлттық тәлім тәрбиесінің негіздері болып табылатын халықтың үлгі өнегесі ,яғни балалар әдебитінің тәрбиелік маңызын насихаттау.
Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан , бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт –бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады.Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемділігінде, үшіншіден , тәрбиелік - танымдық, дидактикалық қажеттілігінен сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи суреттелуі керек. Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгінде іргесін бекемдеп , саяси – экономикалық әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда.
Кез келген халықтың мәдениеті сол ұлттың дүниетанымы мен талғамына тікелей байланысы болып келеді. Халық эстетикалық ьалғамның нәтижесінде қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды. Мұның барлығы ұлттық танымның жүйесін құрайтыны анық.Бала сонымен қатар , үлкендерден естіген ғажайып дүниелерді,оқыған кітаптардан алған көркем қиялын өзін қоршаған ортада іске асыру үшін еліктеу әркетіне де жиі барады. Бұл құбылысты

М. Гумеров, М.Қабанбаев та, Б,Соқпақбаев та өз шығармаларында шеберлікпен көрсете білген. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа», «Жекпе жек», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын шығармаларын оқымаған бала жоқ шығар, Соқпақбаевтай қадірлі қаламгер шығармаларын кез келген қазақ қазақ баласы оқып өсті.Әлі де оқып келеміз.Бердібек Соқпақбаев - тақырыпты өмірдің өзінен алатын жазушы.[11] Жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларынд бала дүниетанымына тән символдық мәндегі тіркестер жиі кездеседі. Символ – адам санасында аса дәріптеу, құрметтеу, бас ию, қадірлеу сынды санада ерекше қасиетімен танылған обьектілерден туындайды. Мысалы , Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Қожаның хатындағы : « Ж... Қозы мен Баян секілді болайық» { Б.С.}деген сөйлемнің символдық мәні бірқатар зерттеушіліедің еңбектерінде айтылып жүр. Ал қазіргі таңда «ғашық болу» , «ұнату», «махаббат» ұғымдарын тілдік емес таңбалар арқылы берудің жаңа тәсілдері жиі кездеседі.Символ сөз ішінде атау беру немес етұрақты мағыналық шарттылық мәнін сақтайды. Сондай – ақ баланың тілідк тұлғасының қалыптасуына оң ықпал ететін негізгі фактордың бір



Балалар әдебиеті туралы ұлы орыс классигі В. Г. Белинский : «балалар кітабы тәрбие үшін жазылады, ал тәрбие ұлы жұмыс, адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі» ,- деген. Балалар әдебиті - ұрпағымыздың ұясы. Балалар әдебиеті баланың көңіл- күйін қуанышқа кеңелтіп, қиялын қанаттандырып , психикалық сезім әрекетіне айрықша әсер етеді. Сондай - ақ, көркем әдебиет балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін дамытып, тіл байлығын жетілдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет