Балалар фольклоры



бет4/4
Дата13.04.2023
өлшемі31,67 Kb.
#82337
1   2   3   4
Байланысты:
Балалар фольклоры

Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi.

Айтпаймын өтірікті мен басынан,


Бозторғай айыл өрдім шудасынан.
Жыланның қызын қырғи алып қашып,
Айдаһар ат мініпті құдасынан.
Аюмен құда болдым, өзім барып,
Ұлыма бесіктегі қызын алып.
Барғанда құдалыққа Қаратауды,
Жөндедім бес ай, бес күн бұзып алып.
Аюды арқандадым жібек жіппен,
Көк сона құда бопты инелікпен.
Қаңтардың ми қайнаған ыстығында,
Жүк артып түнде көштім бөгелекпен.
Айтайын көзді жұмып көргенімді,
Жалған деп сенбейді ғой өзге мұны.
Сейілдеп бақа көкте жүрген кезде,
Байғұстың шөлден өлді көлдегі ұлы.
Ақ шабақ алты құлаш түйе тапты,
Жарыста жасыл қоңыз аттай шапты.
Құдамыз жеті қабат көкте жүріп,
Жүз жылда құдағиын әрең тапты.
Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір қоян мал дегенде қолда барым.
Әйелім сол қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майдан сегіз қарын.
Ақ тасты сорпаға ездім, қатық қылып,
Дәм-тұзын сол арада татып тұрып.
Ұстап ап арыстанды сабап жатсам,
Көртышқан бас салғаны басып тұрып.
Ақылдан адаспаңдар, жарандарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.


Қазақта этномəдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мəндí. Фольклор — қазақ өмірінің айнасы, қазақтың өткені мен болашағын байланыстыратын алтын көпір деуімізге əбден болады. Өйткені, ата-бабамыздың өмір сүрген ортасынан бізге сыр шертер, түсіндіріп, айқындайтын тарих, шежіре, көненің көзі болып табылады. Фольклор туындыларындағы жырлар, аңыздар мен əщíмелер, ертегілердің мазмұны адамдардың бір-бірімен рухани қарым-қатынасын нығайтып, халықтың асыл мұрасы мен рухани құндылықтарын игерту, ұлттық мəдениеттщ түрлі саласын меңгертудегі тəрбие құралы деуімізге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет