А мәтіні
Балалар құқығы туралы Конвенция Ең маңызды заңдардың бірі – Балалар құқығы туралы Конвенция. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. Конвенцияның баптарына көз жүгіртсек:
1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.
2- бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.
6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге
15 - бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.
16 - бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
17 - бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.
116 толықтай құқылы.
7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.
9 - бап. Бала өз ата - анасынан ажырамауға құқылы. 13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
14 - бап. Бала ойлау, ар – ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.
19 - бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.
27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп — жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.
28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды.
31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын – сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. Баланың жеке басының құқықтары: Аты – жөні, тегіне құқылы; Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы; Ата – анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге; Адами қасиетін сыйлауға; Туған – туыстармен араласуға; Өз құқығын қорғауға; Құқығын қорғау үшін құжырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы; Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. (259 сөз). http://ped.kz
Ә мәтіні
Құқық пен мораль 109 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды. Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді. 1. Адам құқығы 2.Табиғи азаматтық құқық 3.Экономикалық - әлеуметтік, мәдени құқық Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі, 30 бабы құқыққа арналған. (136 сөз). http://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/28910-zhasospirim-zhane-zan.html
Берілген екі мәтін бойынша өз көзқарасыңызды білдіре отырып, «Өз құқығымызды қорғап жүрміз бе?» тақырыбында 150-200 сөзден тұратын аргументті эссе жазыңыз