Құжаттаманы толтыру, пайымдаулардың қалыптасуын бағалау үшін ситуациялық есептерді шешу,
19
Қорытынды сабақ
4
4
3
Жалпы сағат саны
76
92
57
Емтихан сағаты
15
Сағат саны
240
Ғылыми- зерттеу жұмысы: Ғылыми зерттеу жұмысының негізін ғылыми әдебиетерге жасалған шолулар мен интерн-дәрігердің жеке клиникалық бақылауының нәтижелері құрайды. Интерн-дәрігер өзінің ғылыми жұмысын жүргізу барысында зерттеуге қатысты материалдарды жинақтап, оны тіркеуді, зерттеу жұмысының нәтижелеріне статистикалық өңдеу тәсілдерімен сараптама жүргізуді және тұжырымдар жасауды үйрену керек. Ғылыми жұмыста міндетті түрде дәлелді медицинаның қағидалары (элементтері) орын алуы керек.
Ғылыми- зерттеу жұмысында келесі тараулардан тұруы керек:
Тақырыбы;
Автор мен жетекшінің аты жөні. Осы ғылыми-тәжірибелік жұмыстың орындалған жерінің атауы.
кіріспе (тақырыптың өзектілігін негіздеу);
зерттеудің мақсаты мен мәселері;
әдебиеттерге шолу;
зерттеу матералдары мен тәсілдері;
жеке бақылаудың нәтижелерімен оған жасалған сараптамалар;
бақылау нәтижелерін әдебиеттердегі мәліметтермен салыстырып талқылау;
қорытындылау мен тұжырымдар; ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы ;
қолданылған әдебиеттер қорының тізімі.
Ғылыми- зерттеу жұмысының тақырыбы циклдың бірінші күні бекітіліп, календарлық тақырыптық жоспардың негізінде орындалады.
Ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелерін интерн- дәрігерлер ғылыми мақалалар немесе ғылыми- тәжірибелік және дәрігерлік конференцияларда баяндамалар арқылы жүзеге асыра алады.
БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Сіздің пән бойынша қорытынды бағаңыз (ҚБ) екі бөліктен тұрады бірінші ағымды баға (ЖРБ – жіберу рейтинг бағасы, 60%) және екінші қорытынды бағалау бағасы (ҚББ, 40%).
Жіберу рейтинг бағасы (ЖРБ) ағымды бағалардың суммативті №7; №17 сабақтардың негізінде қойылады (60%), және аралық бақылау бағаларынан №9; №18 сабақтардың негізінде қойылады (40%). Сіз қорытынды емтиханға ЖРБ бағасы 50% дан кем болмаған жағдайда жіберілесіз. Қорытынды бағаңыз (ҚБ) жіберу рейтинг ЖРБ бағаңыз (60%) және қорытынды бағалау емтихан бағаңыздың (ҚББ, 40%) суммативті негізінде қойылады
Емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқылысыз.