Балалар ұжымы- балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектептен тыс жағдайда құрдастарынан, жолдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кітап оқу және т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Адамдардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда оның рөлі өте жоғары. Сонымен бірге, ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді. Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның рөлі оның өмірлік іс-әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде. Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды.
Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.
Үлкен дәстүрлер
Бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады.
Кіші дәстүрлер
Күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымды қамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |