Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері
Тобы: 1703-52
Орындаған: Сайлау Ажар
Қабылдаған: Абубакирова А.
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Адам организмі
Қоректік заттар
Ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін 3 қоректік зат қажет, олар: ақуыз, май және көмірсу. Ағзадағы зат алмасу процессі баяуламас үшін, осы 3 қоректік заттың мөлшері бірдей болуы қажет.
Ақуыз – амин қышқылдарынан тұратын күрделі зат. Жалпы адам бұлшық еті мен тіндерінің өсуі бұл затсыз мүмкін емес.
Балалар ағзасына ақуыздың маңызы
Белоктар балалардың қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Белоктар тəуліктік рацион калориялылығының 10-15 пайызын қамтамасыз етуі керек.
Əрбір негізгі тамақтану кезінде (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) жануар тектес белоктар көзінің тым болмаса біреуін қабылдау қажет (балықтық, сүт жəне еттік тағамдық өнімдерді).
Аптасына бірнеше рет жақсы амин қышқылдарынан құралған белоктар көзі ретінде бұршақ тектес тағамдарды қабылдау керек.
Ақуыздың негізгі функциялары:
Зат алмасуға қатысады және тағамды молекулаларға бөлуге көмектеседі.
Жасушаларға пішін береді, жасушааралық зат пен тіндердің негізі ретінде әрекет етеді.
Майлардың негізгі функциялары: Майлар тек көмірсулармен ақуыздардың көмегімен қол жеткізе алмайтын, үлкен қуат қорын береді. Ал қуаттың жетіспеушілігі жоғары болса, бұлшықеттер мен тіндердің өсуі мен қызметі баяулайды. Дәрумендерді майсыз сіңіру мүмкін емес. А, С, Е және К сияқты органикалық заттардың сіңуі тек майдың арқасында жүзеге асады. Майлар тәбетті төмендетуге көмектеседі, сондықтан кез-келген диета ұстаған уақытта тәбетті бақылап, ішкі ағза мүшелерінің жұмыс істеуіне көмек көрсету үшін аз мөлшерде май болу керек. Май – бұл қатып қалмауға көмектесетін оқшауланудың жеке жүйесі. Ол сүйектерді соққылардан қорғайды. Май тағамның құрылымы мен дәмін қамтамасыз етеді, сондықтан қуырылған және майлы тағам әрқашан дәмді болып келеді. Жануарлар мен өсімдіктерден келетін заттар талшықтардың оқшаулануын қамтамасыз етеді және мидан келетін жүйке импульстарының өтуіне ықпал жасайды. Сонымен қатар, олар ағзаның қозғалыс функциясын ынталандыра түседі. Майлар ағзадағы қоректік компоненттерді тасымалдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ағзадағы қажетті элементтердің құрылысына қатысады. Олардың көмегімен қорғаныс функциялары да сақталады.
A PICTURE IS WORTH A THOUSAND WORDS
КӨМІРСУЛАР
Көмірсулар – ағза үшін құрылыс, қуат және қорғаныс қызметтерін
атқаратын органикалық заттар. Олар барлық жемістер мен көкөністерде,
сондай-ақ дәнді дақылдарда кездеседі.
AWESOME WORDS
IN BRIEF
You could enter a subtitle here if you need it
Қорытынды:
Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану — зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Нәресте кезіндегі сәби балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. Ясли жасындағы балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс.