Балалар музыкамен кіреді Жүргізуші



Дата06.01.2022
өлшемі17,75 Kb.
#12424
түріСценарий
Байланысты:
ЖАҢА ЖЫЛ


ЖАҢА ЖЫЛ (СЦЕНАРИЙ)

(Балалар музыкамен кіреді)

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.   Баршаңызға денсаулық, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Жаңа жылдық ертеңгілігімізді әсем әнмен бастауға рұқсат етіңіздер.

                                          Ән «Жаңа жыл»



Жүргізуші: Мінеки балалар, табалдырығымызды тышқан жылы аттағалы отыр. Жаңа жылдан бәріміз көп қуаныш, жақсылық күтеміз. Ендеше, жаңа жылымыз тышқанды қарсы алайық.

                                (Музыкамен тышқан келеді)



Жүргізуші:              

Жаңа жыл да келді міне!

Кең байтақ менің жеріме.

Шаттыққа бөлеп  әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.
Тышқан:    

Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекемен

Құттықтауға келіп тұрмын.

Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл! Төрімізден орын ал. Енді жыл бойы біз сенімен бірге боламыз. Өзіңе арнаған жаңа жылдық тақпақтарымызды қабыл ал!

                                    Тақпақтар-------------------------



Жүргізуші: Жаңа жыл! Мінеки, жасыл шаршамыз ортамызда жайнап тұр. Достарымыздың сізге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.  Олай болса, солардың биін қабыл ал!

                                                Би  5 в сынып оқушылары

Жүргізуші: Кәне, балалар тышқанның көңілін көтеріп онымен ойын ойнайық.

Ойын---------------------------------

Тышқан: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды. Ал енді маған аяз атаны көрсетіңдер, ол қайды өзі? Аяз ата деген өзі қандай болады?

Жүргізуші: Балалар, кәне бәріміз аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырайық. (айғайлап шақырады)

                                    (Аяз ата мен ақшақар келеді)



Аяз:          

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!



Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Тіпті сізді көрсем тышқан да, балалар да келіп отыр. Салтанатты шыршамыз да ортамызда жайнап тұр.

Жүргізуші: Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы  жанбапты ғой, кәне  шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.

1-2-3,  шырша шамы жана түс!     (Бәрі айтады)



Аяз: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.

                                           Ән  «Шырша әні»



Жүргізуші: Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз.

Тышқан: Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым. Мен де өзімнің кішкентай достарыммен би билеп берейін.

Би  5 ә сынып оқушылары

Тышқан: Ой, билеймін деп шаршап қалдым. Рұқсат болса мен кетейін. Әйтпесе, ұйқым кеп барады  (есінейді). Жылы үйіме барып ұйқымды жалғастырайын.

Аяз: Олай болса, менің сыйлығымды қабыл ал.  (сыйлық береді)

Тышқан: Рахмет аяз ата. Сау болыңдар, балалар!  (кетеді)

Аяз:  Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Сізге арнап көрсететін өнерлеріміз бар.

                                 --------------------5 в сынып

Аяз:     Қандай өнерлі балалар өздері.

Жүргізуші: Ата, біз сізді бір жыл бойы сағына күттік. Сізбен ойын ойнасақ бола ма?

                                                   Ойын



Жүргізуші:     Аяз ата, балалар сізбен қосылып ән шырқамақшы. Қарсы емессіз бе?

Аяз: Әрине, қарсы емеспін.

                                              Ән ------------------------------------



Жүргізуші: Балалар, аяз атамызға тамаша би билеп беріп, атамыздың сыйлығын алайық.

                                 Би  ------------------------------------



Аяз ата: Өркендерің өссін, қарақтарым! Енді менің өздеріңе әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар. (сыйлық таратады)

Жыл айналып келгенше,

Өздеріңді көргенше,

Қош аман сау болыңдар!



Бүлдіршіндер, балалар!

Жүргізуші: Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар.   (Екеуі  кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет