«Балалар психологиясы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы (Syllabus)


КУРС САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЭТИКАСЫ



бет7/9
Дата01.10.2022
өлшемі237,8 Kb.
#41067
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. КУРС САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЭТИКАСЫ:
Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби даярлық жүйесінің негізі болып табылады. Сабақтарға қатынасу бұл курс үшін міндетті, яғни оқытушы сабақтарда студенттерді біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оқу-танымдық процестің ұйымдастырылуын практикалық тұрғыда көрсетіп түсінідіреді.
Курсты терең меңгеру СОӨЖ, СӨЖ және семинарлық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады. Студенттің өздік жұмысының барлық түрлері типтік бағдарлама арқылы анықталған және нақты сұрақтардан құрылып, әдебиеттері көрсетілген. Тапсырма студенттерге аптаға беріледі және оны орындау міндетті. Мерзімінде орындалмаған тапсырма балды төмендетумен бағаланады, сонымен қатар талапқа сай немесе толық орындалмаған тапсырмаға да осы шара қолданылады.
Курсты оқу барысындағы тапсырмалар бойынша ағымды бақылаудан басқа екі аралық бақылау өткізіледі. Ағымды бақылау мен аралық бақылаудың балдары біріктіріліп қосылады.
Ағымды бақылау мен аралық бақылаудың максималды балы - 60 балл. Емтиханның максималды балы – 40 балл. Курстың жалпы бағасы семестрлік рейтингтің балы және емтихан балымен біріктірілген қосындысы арқылы анықталады.

  1. Сабақтарға кешікпеу

  1. Сабақта басқа жұмыспен айналыспау

  2. Оқытушы мен курстастарының сабақ үстінде көңілін бөлмеу

  3. Сабақта болмаған жағдайда нақты дәлелдейтін анықтама әкелу керек

  4. Сабақтың барлық түрлерін мерзімінде орындап отыру керек

  5. Қатыспаған сабақты қысқа мерзімде орындап тапсыру керек

  6. Өз достарына, оқытушыларына, оқу орнына сыйластығын көрсете білу керек

  7. Сабаққа арналған керекті құралдар болуы керек (қалам, дәптер, кітаптар)

  8. Киім киіну оқу орнының талабына сай болуы керек



9. АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
АТТЕСТАЦИЯ
Сұхбаттасуға арналған сұрақтар - № 1, (7 – ші жеті)


  1. Балалар психологиясы пәні мен міндеттері.

  2. Балалар психологиясының тарихы.

  3. Баланың дамуын ғылыми-психологиялық зерттеу әдістері.

  4. Балалар психологиясын зерттеудің әдіснамалық принциптері.

  5. Даму мәселесі. Психикалық даму ұғымы, даму процестері, даму салалары.

  6. Психикалық дамудың факторлары. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысы.

  7. Жетекші іс-әрекет.Баланың таяудағы даму аймағы.

  8. Сензитивтілік. Дамудың қозғаушы күштері және балалық шақ кезеңдері.

  9. Даму фазалары (кезеңдері). Тұрақты (стабильді) кезеңдер және дағдарыстар.

  10. Дамудың әлеуметтік жағдайы және жас.

  11. Жастың жалпы сипаты. Балалардың психикалық дамуының жеке-дара ерекшеліктері.

  12. Пренатальды даму және оның кезеңдері.

  13. Баланың нерв жүйелерінің даму ерекшеліктері.

  14. Ана құрсағындағы кезеңде мидың дамуы.

  15. Ортаның пренаталды дамуға әсері.

  16. Қиын кезеңдер. Тератогендер. Қорғаушы факторлар.

  17. Баланың дүниеге келуі. Постнаталды кезеңде мидың дамуы.

  18. Шартсыз рефлекстер және олардың баланың дамуындағы маңызы.

  19. Рефлекторлық іс-әрекеттің дамуы. Шартты рефлекстердің тууы.

  20. Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері. Эмоциялық өрістің дамуы. Жандану комплексі.

  21. Қимыл мен әрекеттің дамуы.

  22. Нәрестелік кезең.

  23. Нәрестелік кезеңде түйсіну және қабылдаудың дамуы. Зейіннің дамуы. Естің дамуы.

  24. Нәрестелік үлкендермен қарым-қатынас және оның нәрестенің дамуындағы маңызы.

  25. Нәрестелік кезеңде сөйлеуді игерудің алғышарттарының қалыптасуы. Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту.

  26. Ерте балалық шақтың сипаттамасы. Ерте балалық шақтың маңызды жетістіктері (тік жүру).

  27. Заттық іс-әрекетті дамыту. Ерте сәбилік шақта іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы.

  28. Ерте сәбилік шақта баланың ақыл-ойының жетілуі.

  29. Түйсіну және қабылдаудың дамуы. Зейіннің дамуы. Ес және қиялдың дамуы. Ойлаудың дамуы.

  30. Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет