«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары


-дәріс. Тақырыптың аталуы



бет37/59
Дата15.11.2023
өлшемі143,85 Kb.
#123900
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
«Балалар психологиясы» ЛЕКЦИИ

9-дәріс. Тақырыптың аталуы. Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы
Дәріс жоспары:

  1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

  2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

  4. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

  5. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшеліктері

  6. Эмоцияның ерекшеліктері

1.Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы. Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдары пайдаланып, әрекет еуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады.
Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.Заттың суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды. 4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады. 5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.
Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.
Ойлау. Ойлау аркылы сәбидің қалыптасып келе жатқан заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру ерекшелігі. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Сәбидің ойлау кабілеті ойнау барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.
Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.
Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең.
Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.
Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады, дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;
2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;
3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.
Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару ( тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет