Созылмалы гастрит(СГ),гастродуоденит(СГД) СГ/СГД-созылмалы оецидивті үдеуге бейім асқазан(және 12 елі ішек) Шырышының қабыну-дистрофиялық бұзылысы. Этиологиясы: Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер: • хеликобактерлік инфекция (95%) • аутоиммундық фактор (15-18%) • дуоденогастральдік рефлюкс; • ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б • алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық) • зиянды әдеттер; • өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;) Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-95%.
Патогенезі: Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.
1. Анамнездің мәні аса зор; 2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді. 3. Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді. Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс. 1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды. 7-10 күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады. 2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 «а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 «б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы). Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі. Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.