Балалардағы аутизм



Дата27.09.2023
өлшемі440,21 Kb.
#110958
Байланысты:
Презентация аутизм Жанар И


Балалардағы аутизм
Аутизм – социалды қарым – қатынас жеткіліксіздігі тән, психика бұзылысы. Аутист балалар дамуында өмір бойы сақталатын бұзылыстар оның қабылдау, түсіну әрекетіне кері әсерін тигізеді.
Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеттілігі жоғары болады.
Аутизмнің себептері мидағы синаптикалық байланыстардың жетілуіне әсер ететін гендермен тығыз байланысты, дегенмен аурудың генетикасы күрделі және қазіргі уақытта аутизм спектрінің бұзылуының пайда болуына не әсер ететіні белгісіз.Сирек жағдайларда аурудың туа біткен ақауларды тудыратын заттардың әсерімен байланысы анықталады. АҚШ мәліметтері бойынша 2011-2012 жылдары аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы мектеп оқушыларының 2% - да ресми түрде анықталған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2% - ға көп. Аутизм байқалған адамдардың саны 1980 жылдардан бастап күрт өсті, бұл ішінара диагностикалық тәсілдердің өзгеруіне байланысты. Ауытқудың нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз.
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1-топ:
аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
2-топ
Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3-топ
Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4-топ
Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.
Аутизм қай жастан бастап көрініс береді?
Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 000 балаға 2 – 4 жағдайда кездеседі. Ақыл кемдігімен қоса (атипиялық аутизм) анықталуы 100 000 адамға 20 жағдаймен кездеседі. Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1. Аутизм кез келген жаста кездеседі. Жас ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері де өзгеріп тұрады. Ерте балалық аутизм ( 3 жасқа дейін), балалық аутизм ( 3 жастан 10 – 11жасқа дейін) және жасөспірімдік аутизм (11 жастан жоғары).
Аутизм бар баланың ерекшелігі.
Бұл аурудың симптомдары әртүрлі және жас ерекшеліктеріне байланысты болғанмен, ортақ аутист балаларға тән өзіндік ерекшеліктері болады.
Социалды контакт және қарым – қатынас бұзылысы;
қызығушылықтың шектелуі және ойын ерекшеліктері;
қайталамалы әрекеттерге бейімділік (стереотипияға);
вербалды қатынас бұзылысы;
интеллектуалды сфера бұзылысы;
жүрісі мен қозғалыс ерекшеліктері
Қандай ем қолданған дұрыс?
Дәрі-дәрмектермен емдеу синдромдық принцип бойынша тағайындалады. Эпилепсия ұстамалары болған жағдайда оған қарсы дәрілер беріледі. Сырқат баланың ауруханада жатып емделуі ұзақ болмауы тиіс. Мұнда ескеретін жайт, ауруханаға баланы ата-анасыз жатқызу бала үшін бұл үлкен психологиялық жарақат. Интеллектуалдық, сөйлеу дамуында кемістігі жоқ балалар үшін психотерапия ең маңызды терапиялық құрал. Ол баланың эмоциялық мәселелеріне әсер етеді, айналадағы адамдармен толыққанды қарым-қатынас орнатуға, терең психологиялық бөгетті, қорқыныштарды жеңуге көмектеседі. Аутизмі бар балаларда қорқыныш болады. Бұл – әлемді қауіпті нәрсе деп қабылдауға, баланың өз-өзін қабылдауына байланысты қорқыныштар. Аутизм баланың бүкіл эмоциялық-психологиялық дамуына теріс әсер етеді. Сол үшін бір жыл бойы психотерапиядан аптасына 3-4 сеанс жүргізу пайдасын тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет