Есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары.
1. Қысқа мерзімді есту есінің көлемін дамыту жаттығулары "Сөздер тасқыны"
Алдын ала балаларға жақсы таныс 8-10 сөз топтарынан тұратын тізім дайындап алыңыз. Оларды 25 суретте көрсетілгендей етіп орналастырыңыз.Баланың сізбен бірге сөзді қайталауын сұраңыз. Бір сөзден бастаңыз, одан соң екі сөзді атаңыз, бала міндетті түрде сол ретпен қайталайды, үш сөзді атаңыз т.с.с. (сөз арасындағы интервалдар - 1секунд). Егер бала белгілі бір сөз қатарын қайталай алмаса, жалпы саны сонша, бірақ басқа сөздерді оқыңыз. ( бұл үшін басқа сөздер тізімін дайындапалу керек). Егер екінші жолы бала сөз қатарымен берілген тапсырманы орындай алса,онда келесі қатарға көшіңіз, осылай екінші оқылғанда берілген сөз мөлшерін бала қайталай алмай қалғанша жалғаса береді...
ОТ.
ҮЙ, СҮТ,
АТ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ,ИНЕ.
ҚОРАЗ, КҮН, ЖОЛ, ДӘПТЕР..
ШАТЫР, АҒАШ, ШАМ, СУ, МЕКТЕП
ҚАРЫНДАШ, МАШИНА, АҒА, ҚҰС ,НАН.
БҮРКІТ, ОЙЫН, ЕМЕН, ТЕЛЕФОН, СТАКАН, ПАЛЬТО, БАЛА.
ТАУ, ҚАРҒА, САҒАТ, ҮСТЕЛ, ҚАР, КІТАП, ҚАРАҒАЙ,БАЛ.
ДОП, АЛМА,ШАПКА, СӘБІЗ, ОРЫНДЫҚ, КӨБЕЛЕК, МЕТРО, БАЛАПАН, КИІМ..
ТРАКТОР, ТАС, ЖИДЕКТЕР, ПОРТФЕЛЬ, ШАНА, БАЛҒА, ҚЫЗ, ДАСТАРҚАН, ҚАРБЫЗ, ЕСКЕРТКІШ.
25-сурет
2. Есті дамыту ойыны " Мен қапқа салдым ..."
Бұл ойынды балалармен ұзақ жолға шыққанда ойнауға болады.
Ересек адам ойынды бастайды да, айтады: "Мен қапқа алмалар салдым". Келесі ойыншы айтылғанды қайталайды да,оған тағы бірдеңе қосады: "Мен қапқа алмалар және банандар салдым". Үшінші ойыншы барлық айтылғандарды қайталайды да, тағы өз жанынан бірдеңе қосады. Осылай жалғаса береді.Бір сөзден қосып отыруға болады немесе сөздерді алфавит бойынша таңдап алуға болады: "Әжейдің бағында өсіп тұр..." Ойын тәртібі тура осындай. Бұл ойындарда кімнің жеңіп, кімнің жеңілетіні маңызды емес. Мұнда бала еске түсіру қабілетінің дамуына көңіл бөлу керек.
"Мен - фотоаппарат" ойыны
Балаға өзін кез келген затты, жағдайды, адамды және т.б. фотоға түсіріп алатын фотоаппарат түрінде елестетуін сұраңыз.
Мысалы, бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Сөзін көзін жұмады да, есінде сақтағандардың бәрін айтып шығады.
Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін де дамытуға болады.
Есіңізде болсын: баланың есінде оны қызықтыратындар жақсы сақталады.Сондықтан да әр түрлі ойындар ойлап табуға тырысыңыз. Мысалы, баламен Шерлк Холмс немесе барлаушы ойнауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |