Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
«Ұшты - ұшты» Мақсаты:Балаларды жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу..
Еркін ойындар.
Сөйлеуді дамыту «Амандасу әдебі» Мақсаты: Құрбыларымен «Қалың қалай досым? сұрақтары аясында диалог құра алуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қоршаған ортамен танысу «Біздің топ» Мақсаты: Балаларды балабақшаның топ бөлмелерімен таныстыру.
Үстел үсті ойыны «Текшелер» Мақсаты: өз ойын текшелер арқылы бейнелей алуға үйрету
Сөйлеуді дамыту «Кім көп сөз біледі?» Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, дұрыс сөйлеуге үйрету
Балалардың еркін әрекеттері
Таңертенгі жаттығу
Картотека № 8 «Петрушкалар орамалмен» Б.қ. – отырып аяқты алшақ ұстау;
Орамалды екі қолымен шетінен ұстау;
Орамалды жоғары серпу;
Б.қ. келу;
Б.қ. тік тұру, орамал төменде;
Отырып, орамалды алға көтеру;
Б.қ. келу;
Б.қ. ішпен жатып, қолды алға созып, орамалды бір қолға ұстау;
Орамалды жоғары сермеу;
Екінші қолмен тағы солай;Б.қ. келу;
Таңғы ас
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.
Ас ішер алдында Ас ішерде күнде біз,
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз.