психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болы отыр
Психологиялық дайындықты құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді
А.Жеке дайындық Ә.Зияткерлік дайындық Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық В.Физиологиялық дайындық.
А.Жеке дайындық (5,6). Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады.Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель,оқулық,дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәреже дамыған бала болып табылады. Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады. Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.
Ә.Зияткерлік дайындық. Бұл түрі баланың нақты білімі мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.
Сондайақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып,есте сақтай алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді.Осы дайындық түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:
саралап қабылдау; аналитикалық ойлау; нақтылыққа талпыныс; логикалық есте сақтау; білуге құштарлық; сөйлеу тілін игеру; қолдың қозғалысы мен көру қозғалыс үйлесімділігі.
Б.Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компаненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді.Бала топ болып, бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі.Осы кезде балада өзін ортаа бейімдеу қабілеті өте қажет болады.Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.