Балалардың мектепке дейінгі шақтағы мінез-құлқының психологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
Дата03.12.2023
өлшемі72,46 Kb.
#133279
Байланысты:
Балалардың мектепке дейінгі шақтағы мінез-құлқының психологиялық сипаттамасы.



Орындаған Дəулетбек Рахат
Балалардың мектепке дейінгі шақтағы мінез-құлқының психологиялық сипаттамасы.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды
жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар тканьдар мен мүшелердің анатомиялық
қалыптасуы жəне функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық
еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы
бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары
қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы
арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, əсіресе екінші
сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін,
тəрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тəжірибенің жаңа формалары игеруі үшін
қолайлы жағдайлар жасайды.
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе
баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен
əрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне
жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың
əлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп
жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген
эксперементалдық жұмыс
Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай
болмасын бір əрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тəн ережелері бар ойын
ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері
жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Осы зерттеуде балалардың жас
ерекшелігіне байланысты ақыл-ой əрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы
үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы
тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық жəне
мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі балалық шақ
кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы
мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті
мəселелерінің бірі болып отыр.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның
денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тəрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде
мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім
сапасын арттыру аса маңызды мəселе, ол үшін жалпы жəне негізгі жағдайларды
жақсарту басты міндет болып табылады. Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар
заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын,
пайдалану тəсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай
тəжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нəрсені құмартып білуге
талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, əр нəрсеге үңіле
қарайды, көп нəрселер оларды ойлантады.
Балалар əдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.
Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар


ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды.
Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін,
ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз
қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ
қоюдан жасқаншақтайды жəне бұл баланы дүниені тануына кері əсер етуі əбден
мүмкін.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi жəне бастауыш мектеп жасындағы
балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi,
мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани жəне материалды қажеттiлiктер
сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа
қажеттiлiк сияқты əлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары
болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-əрекетінің күрделенуіне
жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып,
тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды
30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін
созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-əрекеттері мен
қарым-қатынастарының бейнеленуімен жəне ойынға үнемі енгізілетін жаңа
ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде,
əңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі
шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға
қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары
мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі
өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі
заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде жəне кейбір тəсілдерді пайдалана отырып,
соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін
сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің
нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға
қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады.
Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне
байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады. В.С. Мухина
мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке
дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері
үшін бір текті əрі тартымы шамалы іс-əрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге
ойын процесінде немесе əсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар
едəуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің
ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін
тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады.Ойын
балалардың негізгі іс-əрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық,
педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным
көзі, білімдік, тəрбиелік, дамытушылық мəнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды əрбір адам ойнап өседі, ойынды көп
ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нəзік, нағыз сезімтал тұлға
болмақ. Əрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына əртүрлі əсер береді. Кей бала
ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына
жəне баланың ойынға араласуына əсер ететін факторлар өте көп. Мысалы,
үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар
ұжымы, баланың тəрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек əрекет емес, балалардың да,


үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат жəне қанағат сезіміне бөлейтін
іс-əрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да əлікүнге дейін ойнайды, əрине ойынның
түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы
балалардың жас жəне жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мысалы, сюжеттік
рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру,
ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Əрқайсысының өзіндік мəні,
ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тəртібі, білімдік, тəрбиелік, дамытушылық
функциялары бар. Оның əрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді
ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.Балалар ойындарының
тəрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала
өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің
қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң
жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді
тəрбиелеуалдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік — рөлді ойындар.Ойынның
негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын,
іс-əрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір
жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті
мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-əрекетінің тағы бір ерекшелігі — оның
əрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып
табылады. Олар ойында өздеріне мəлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы
білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының
ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын əрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара
байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мəні. Ойында бала өзі
бейнелеген қаһарманның іс-əрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы
баурап əкететіні соншалық, ол тіпті өзін əдеттегідей шақырғанға жауап та
қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен əңгімелеседі, өзі
мен мамасы үшін, науқас кісі мен дəрігер үшін сөйлеседі жəне т.б. Сөз нақ бір ойын
əрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын
толығырақ ашады.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.
Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, əсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын
анықтайды. Ойында сөзбен уəделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар
арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен
құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына жəне дамуына
көмектеседі.Бейненің, ойын əрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі
болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын
əрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын жəне балалар жасайтын немесе ересектер
ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты жəне ойынды
балалардың өзінше бір іс — əрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі ниеті — бұл
балалардың нені жəне қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мəселен: «дүкен»,
«аурухана», «қызы мен шешесі», «балабақша» жəне т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде
тұжырымдалып, ойын əрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында
қалыптасады жəне ойынның өзегі болып табылады.Ойынның түпкі ниетіне қарай
ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:а) тұрмыстық
құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» жəне т.б.
болып ойнау);ə) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер,


стадиондар тұрғызу жəнет.б.);б) қоғамдық оқиғаларды, дəстүрлерді бейнелейтін
ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар
т.т.).Ойындарды бұлай бөлу, əрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі
құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның
жанды тұлғасын құрайтын, ойын əрекеттерінің, балалардың өзара
қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын жəне өзара байланысын
анықтайтын… Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен
ынтаны қоздырады.Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл.
Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе
рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл əрқашан адамға немесе жануарға, ол
қиялдағы қылықтарға, іс-əрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың
бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нəрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді
ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда — ересектер)
ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын жəне реттейтін
ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның
мазмұнын баянды етеді жəне қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан
арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ,
ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бəрі типтік болып табылады, бірақ олардың
түрлі маңызы бар жəне əртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Əрине
ойынның əр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық
ойындардың білімдік, тəрбиелік, дамытушылық мəні зор.
Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып
табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып, бала заттың формасын, түрін түсін,
салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып,
дыбыстың жоғарылығын, əуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты
байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде
пайда болған Табиғатта көптеген əр түрлі түстер мен формалар бар солардың
негізінде адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.
Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып
табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып, бала заттың формасын, түрін түсін,
салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып,
дыбыстың жоғарылығын, əуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты
байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде
пайда болған Табиғатта көптеген əр түрлі түстер мен формалар бар солардың
негізінде адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.
Сөйлеудің дамуы. Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің
сөйлеуді түсінуін жетілдіру жəне баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.
Сөздерді көрсетілген заттарға жəне қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден
келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала
үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен
айтылған дəл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сəби


анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына жəне басқа да дене
мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына
ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз интимді байланыста болады, мұнда
тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы жəне
қарым-қатынас жағдайы - бəрі бірге əрекетке сигнал болады.
Үлкенмен қарым-қатынаста бала оның сөздеріне дұрыс жауап береді, егер бұл
сөздер көп рет анық жесттермен қайталанса. Мысалы, үлкен балаға айтады: «Қолыңды
берші» - жəне соған сəйкес жест істейді. Бала өте тез жауапты əрекетке үйренеді.
Сонда ол тек сөздерге ғана жауап бермейді, сонымен қатар толық жағдайға жауап
береді.
Кейінірек жағдай мəні өтіледі, бала сөздерді түсіне бастайды, оларды нені айтып
жатқанын түсінеді жəне ол сонымен бірге ере жүретін жесттерге тəуелсіз. Бірақ бұл
жерде де сөздер мен көрсетілген заттар жəне құбылыстар арасындағы байланыс көп
уақыт тұрақсыз болады. Бұл үлкеннің балаға берген сөздік нұсқаулар кіретін
жағдайларға тəуелді.
Бір жарым жылдан кейін баланың қимылдық бағынулары үлкеннің сөздік
нұсқауларына мықты бола бастайды, бірақ егер нұсқау мен орындау арасында уақыт
аралығы енгізілсе немесе нұсқау дағдыланған əрекеттермен қарама-қайшы болса
бұзылады. Баланың көзіншебалықты аударылған шынының ішіне салады. Содан кейін
оған айтады: «балық шынының астында, алып берші балықты!», сонымен қатар
баланың қолын 20-30 сек ұстап тұрады. Осы таңдаудан кейін бала басқа заттарға
алаңдап, нұсқауды орындауға қиналады.
Басқа жағдайда баланың алдына екі затты қояды - шыны мен қасықты - сосын
айтады: «шыныны берші, шыныны берші!» деп. Ол шыныға ұмтылады. Ал егер де осы
нұсқауды бірнеше рет қайталап, кейін: «қасықты берші!» десе, онда бала шыныға
қолын созуды жалғастырады, үлкеннің сөздік нұсқауларына бағынбай жатқанын өзі
байқамайды.
Екі жастық балаға сөз өте ерте тежеушіден гөрі жіберуші мəнге ие болады: балаға
сөздік нұсқау бойынша қандай да бір əрекет жасау оңайырақ, бастаған істі
тоқтатқаннан гөрі. Мысалы балаға есікті жабуды ұсынса, ол оны көп рет жаба жəне аша
бастайды.
Əрекетті тоқтату - басқаша. Алайда бала ерте жастан-ақ «болмайды!»сөзінің мəнін
түсіне бастайды, тыйым үлкендер қарағандай магиялық түрде əсер етеді.
Тек үшінші жылда ғана үлкендердің сөздік нұсқаулары баланың мінез-құлқын əр
түрлі шарттарда шын мəнінде тəртіпке сала алады, оның əрекеттерін шақырады жəне
тоқтатады, тікелей, сонымен қатар уақыты өткенде əсер ете алады. Үлкендердің
сөйлеуін түсіну осы кезеңде сапалы өзгереді. Бала бөлек сөздерді ғана түсінбей,
үлкеннің нұсқауы бойынша заттық əрекеттер де істей алады. Ол үлкендердің
əңгімелесулерін қызығушылықпен тыңдайды, олардың не туралы ойлап жатқанын
түсінуге тырысады. Бұл кезде балалар белсенді түрде балалық ертегі, əңгімелер,
өлеңдер мен мағынасы жағынан күрделілері де туындайды.
Тікелей қарым-қатынас шегінен шығатын ақпаратты тыңдау мен түсіну бала үшін
өте маңызды алулар. Ол сөйлеуді іс-əрекеттің танудың негізгі құралы ретінде қолдануға
мүмкіндік береді. Осыны есепке ала отырып, тəрбиелеуші баланың есту мен түсіну
қабілеттіліктерінің дамуын бағытты басқаруы керек.
Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы
кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді жəне оларды сирек болса да
қолданады.


Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын
сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған
сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі
шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың
аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден
1500 сөзге дейін.
Эмоционалдық жəне тілдік қарым- қатынас. Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы
өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., өзінің алған əсерлерімен бөліседі,
адамдармен тең дəрежеде қары- қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым- қатынас
құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына елітеу арқылы баланың табиғи қарым-
қатынас жасау процесі өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет