Балалардың сенсомоторикалық әрекеттерін дамытатын ойындар Біз, адамзат қоршаған ортаның сол қоршаған ортадағы жерлердің сезім мүшелері арқылы бізге жететіндігін жақсы білеміз. Осы сезім мүшелеріміз арқылы біз түстерді танимызжәне ажыратамыз. Демек, сезім-пікірлеу әлемінің негізі болып табылады.
Баланың сенсомоторикалық әрекетін дамыту үшін жас кезінен әрекет етуді қажет етеді. Сенсомотор дегеніміз не?
Сенсо – бұл сезу, яғни көру, есту, иіс сезу, дәм білу, сезіну, т.б. жағдайлар.
Моторика сөзі – «әрекет» дегенді білдіреді. Сенсор жүйесінің даму моторикасы моториканың дамуымен үздіксіз байланысты.
Балалар сенсомоторикалық қызметін сабақ барысында түрлі интерактивті және коррекциялық ойындар арқылы дамытуы мүмкін.
Интерактивті ойын «Кірпі мен тасбақа» Жаттығу мақсаты: Оқушылар көргізбек болған образдың пікірлеуін дамыту.
Олардың сенсомоторикалық белсенділігін асыру.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін өсіру.
Көрнекілік:Интерактивтік «Кірпі» панносы. Тасбақа мен кірпі үлгісі.
Әдісі: Интерактивті ойын
Жаттығудың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылардың сабаққа қатынасын анықтау.
ә) Оқушыларды жаттығуға дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім: Кірпімен таныстыру. (Мұғалім ойыншық кірпі үлгісін қолына киіп алып, балаларға көрсетеді)
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге орман жануары кірпі қонаққа келген. Қараңдар, қандай әдемі жануар иә? Келіңдер, кірпімен сәлемдесейік.
Балалар: Саламатсызба?
Мұғалім: Міне балалар, кірпі де сендермен сәлемдесіп жатыр.
Пих, - пих, - пих.
Мұғалім балалардың әрқайсысымен кірпіні сәлемдестіреді.
Балалар, кірпінің әдемлілігін көрдіңдер ме? Қане, айтыңдаршы кірпі қай жерлерде жасайды екен? (оқушылардың әрқайсысынан сұралады)
Мынау кірпінің бас бөлігі (көрсетіледі), мынау денесі, ал мынау аяқтары: (алдыңғы екі, артқы екі)
Қане, Шерзад, кірпінің бас бөлігін көрсетші.
Сен айтшы, бас бөлігінде қандай мүшелер бар?
Көзі бар.
Дұрыс, көздері бар. Неше көзі бар екен?
Екі көзі.
Өте дұрыс. Және қандай мүшелері бар екен?
Құлақтары.
Өте дұрыс.
Акмал, сен кірпінің мұрнын көрсетші. (көрсетеді)
Жақсы. Бұлардан басқа кірпінің аузы да бар.
Міне біз кірпінің бас бөлігімен танысып алдық.
Кірпінің инемен қапталған дене бөлігі бар.
Мінау дене бөлігі (көрсетіледі)
Мұғалім: Қараңдар, балалар, денесіндегі инелер өте көп. Сол үшін бұл кірпі деб аталады. Енді, кірпінің денесін сипап көреміз. (Әрбір оқушыға кірпінің денесін қолдарымен сипатады. Оқушылар оның денесінің тікенді екендігін сезеді)
Мұғалім: Егер біз кірпіні аударып қарасақ, қарны көрінеді. Қарны тікенді емес, керісінше жұмсақ. Қанекей, ұстап көреміз. (Балалардың әр қайсысы ұстап көреді)
Мұғалім: Балалар кірпі қалай жүреді? Оның аяқтары барма?
Бар.
Өте дұрыс, оның аяқтары бар. Мынау алдынғыаяқтары, ал мынау артқы аяқтары.
Кірпінің неше аяқтары бар екен?
Төртеу.
Мұғалім: Қараңдар, кірпі қалай жүреді. (көрсетіледі) Көрдіңдер ме? Кірпінің әрекетін.
Мұғалім: Егер кірпі бір аңнан қорғанар болса, лезде домалап жиырылып қалады. Өйткені, ол - өте қорқақ жануар. (көрсетіледі)
Келіңдер, енді сіздермен аздап ойын ойнаймыз. (оқушылар орнынан тұрады)