Баланың жүйелі оқуға дайындығы



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі23,41 Kb.
#127127
  1   2   3

Баланың жүйелі оқуға дайындығы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала- біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол- үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты- баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Баланың мектепке дайындығының көрсеткіштерін өзара байланысты 3 бөлікке бөлуге болады: физиологиялық , интелектуалды және өзіндік дайындығы. Физиологиялық дайындығын дәрігер, интелектуалдық және өзіндік дайындығын психолог бағалайды.
Баланың белсенділігі, өздігімен жұмыс жасай білуі, өз қатарластарымен және ересектермен ойлау деңгейі жағынан тіл табыса білу. Оқушылық бағытының қалыптасқандығы туралы мәліметтерді мұғалімге психолог береді.
Мектепке бару — бала өміріндегі үлкен жаналық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынғакөшу және қсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.
Оқу іс-әрекетіндегі , тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мұмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай, еркін іс-әрекеттер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет