Психология-лық Психофиз-ялық Әлеуметтік Мәдениет-тілік
Психофизиологиялық – ол жынысына және биологиялық қарым –қатнасына байланысты..
Психологиялық – ол ашық және сенгіштік, бір – біріне бауырмашылдық, бір – біріне, эмоциялық сезгіне, қолдауына байланысты.
Әлеуметтік – материялдык жағынан байланыстылығы, отбасындағы ролі, беделі, бағыныштылығына байланысты.
Мәдениеттілік – отбасы ішіндегі қ–қ–с пен байланыс, әдет- ғурыптық, мәдениеттіліке тәрбиелеуге байланысты.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу
Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.
Физиологиялық бейімделу
Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа 2-3 аптаға созылады.