Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері


Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас)



бет2/2
Дата22.10.2023
өлшемі38 Kb.
#120576
1   2
Байланысты:
"Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері." тақырыбындағы баяндама

Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілінің дамуының ерекшелігі – сөйлеу тілін саналық түрде игеруі.Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді.Сөйлеу тілінің жаңа түріне –жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады – тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.
Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады.Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.
Шетел ғалымы П.Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға дейінненбылдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады.Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады.Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді.Сөйлеу тілінің дамуынң бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.
Екінші кезең – «былдыр кезеңі».Бұл кезде балада дыбыстық белсендігі дамиды,өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің (есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі ) дифференциациясы байқалады.
Үшінші кезең – бір сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу.Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады.Сөйлеу тілін қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады.Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкігшілік туады.Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.
Төртінші кезең-екі сөздік деңгейде қарым –қатынасқа түсу.Бұл синтаксистың дамуының бастауыш кезеңі.Сөйлеу тілінің грамматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.
Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизімін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет