Балқантауын бақытына балаған ақын • Жақсының аты өшпейді



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі152,15 Kb.
#9291

Балқантауын

бақытына

балаған

ақын

• Жақсының аты өшпейді

Арамыздан күні кеше ғана бақиға кет-

кен, есімі республикаға белгілі, балалар

әдебиетінде өзіндік орны бар сыршыл ақын,

қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі Кәрім Сауғабаевтың есімі

жыр сүйер қауымның жүрегінде ұмы-

тылмасқа жатталып қалды. Өзге ақын-

дардан бір ерекшелігі Кәрімнің өлеңдерінің

көпшілігі балаларға арналды. Ал балаларға

өлең жазу - теңіздің түбінен маржан тер-

гендей қиын екенін екінің бірі біле қояр ма

екен?! Біз жерлес ағамыздың өлеңдерін рес-

публикалық балаларға арналған респуб-

ликалық басылымдардан үзбей оқып

өстік. Өткендегі біз түгілі, бүгінгі балалар-

дың өздері де сүйікті ақындарының

өлеңдерін жатқа оқып, жадына түйіп өсіп

келе жатқанын көріп қуандық. Оған Ок-

тябрь ауданындағы, «Шығыс - 1» ықшам

ауданында қоныс тепкен № 36 қазақ орта

мектебінде ақын Кәрім Сауғабаевтың ру-

хына арналған еске алу кеші куә

Бұл күнгі кештің қадірлі қонақтары:

ақынның жары Майра Ақашқызы, туған

ағасындай болған нағашысы Рамазан Ша-

лабеков, нағашы апасы, қаладағы Ә. Мол-

дағұлова атындағы № 3 орта мектептің

мұғалімі Сапура Дайранбекова, студенттік

кезінде бірге оқыған замандасы, облыстық

«Орталық Қазақстан» газеті Бас редакто-

рының орынбасары Серікбай Алпысұлы, Дос-

кей аулынан арнайы келген зейнеткер ұстаз

Раушан Сәрсенбаева және еңбек ардагері

Мұғал Құбаш пен ақынның шәкірттері жас

ақын Руслан Нұрбай мен осы мақаланың

авторы болды.

Мектеп сахнасының төріне ілінген Кәрім

ақынның толғаныс үстіндегі бейнесі, Бал-

қантаудың сұлбасы ақынын сағынған оқыр-

мандарының жүрегін толқытқандай. «Әкең

өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деп

қазақ тегінде біліп айтқандай. Осынау кешті

ұйымдастыруға мұрындық болған ақынның

студенттік жалынды жастық шағында бірпе

оқыған курстасы, ҚР Халық ағарту ісінің

үздігі, аталмыш мектепте мәнерлеп оқу

үйірмесінің жетекшісі Күләш Төлегенова-

ның еңбегі ерекше. «Болар істің басына, жақ-

сы келер қасына» демекші, жақсы баста-

маны құптап, демеу берген, өнер десе ішкен

асын жерге қоятын аталмыш мектептің ди-

ректоры Бағдат Кыстафинаның да есімін

ілтипатпен ауызға ала кеткеніміз жөн болар.

Жағымды бастама құлаққа тиісімен қазақ

тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, республи-

калық 0. Бөкейханов атындағы мәнерлеп оқу

сайысының жеңімпазы Гүлбаршын Медет-

қызы кештің сценариін жазып шыққан.

Кешке қатысушылар қайтыс болғаны-

на бір жыл болған ақынды орнынан тұрып,

бір сәт еске түсірді. Содан кейін жүргізуші

ақынның өмірбаянына тоқталды.

Кезек балаларға тиді. 4 - сынып оқушы-

сы Данагүл Қырықбесова ақынның «Нан

туралы балладасын» мәнерлеп тұрып, жа-

тқа оқыды. Іле «Апта» деген ертегісі оқыл-

ды. Ақынның қай өлеңі болса да бүл-

діршіндерді еңбекке, адалдыққа, адамгер-

шілікке, әдептілікке шақырып, балғындар-

дың санасына ой салады. Мектеп оқушыла-

ры Кәрім ағаларының:

Ақындар гүлге елең арнаса екен,

Дүние астан - кестен болмаса екен...деп

келетін Отанды сүюге, бейбітшілікке, бірлікке

шақырған өлеңдерін нәшіне келтіріп орын-

дағанда, іштей қатты сүйсініп отырдық. Бір

құптарлығы сол, балалардың қай - қайсысы

болсын ақын өлеңдерін мүдірмей, жатқа ай-

тты.


Сондай - ақ республикалық «Айгөлек»

фестивалінің дипломанты Дина

Байекенованың,-

қалалық


«Әнші балапан» байқау-

ының жүлдегері Ерасыл Әбдуалиевтің

орындауындағы әндер ақын рухына арналып

жатты.


Аталмыш мектептің оқытушылары да

кештің сәнін кіргізуге ат салысты. Музыка

пәнінің мүғалімі Зина Камалиева Кәрім Сау-

ғабаевтың сөзіне жазылған «Балқантау»,

«Балқантаудың аққулары» атты әндерін

домбырамен орындап, көрерменнің көңілін

көтеріп тастады. Сонымен қатар мұғалімдер

мен оқушылар бір кездегі кереғар саясат-

тың шындығын айтамыз деп жазықсыз

оқудан шығып қалған ақын - журналист

Кәрім Сауғабаев пен жазушы - журналист

Мақсым Омарбековтің сол кезде басынан

өткен сәтінен көрініс берді.

Кештің соңында азаматының, ақыны-

ның, балаларының әкесінің жоғын жоқтап

жүрген Кәрім ағаның аяулы жары Майра

Ақашқызына гүл шоғын сыйлап тұрып, кеш-

ке қатысушылар ақынның өмірлік жарына ар-

наған бір топ өлеңдерін оқыды.

...Мені ойлап,

Жаным - ау алаңдама,

Жаралғанмын

Өмір боп саған ғана.

Көрсеқызар

Мінезім болса кейде,

Пана іздеп,

Пендеге жамандама.»

- деп жүректі толқытқан өлең жолдары

оқылып болған соң сахна төріне ақынның

жары Майра көтерілді.

Майра апай өз сөзінде:

— Ағаларыңның өлеңінің бәрі ауылда

туды. Ауылдың бір таусылмайтын күйбең

тірлігімен алыса жүріп өлең жазды. Кейде

көшеде өлең шумақтарын ойлап келе жа-

тып, жанынан өткен адамдарды байқай

бермейтін сәттері болатын.Әділетсіздікке

қарсы шығатын. Баяғыда Егіндібұлақтың

мектеп бітірген түлектеріне аттестат бермей,

комсомол - жастар шопандар бригадасына

күштеп жібергенде «Қазақ қашаннан бері

қызын қойдың соңына салып қоюшы еді?»

деп шырылдап ара түсем деп жоғары жақ-

тан да әжептәуір таяқ жеген кездері бол-

ды, - деп осындай жанды тербетер әсем кеш

ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына

үлкен алғысын білдірді.

«Нағашы жұрт - қамқоршыл...» демекші,

Майра апайдың нағашысы Рамазан аға

Шалабеков, Кәріммен студенттік жылдары

бірге оқып, бір нанды бөлісіп жеген заман-

дасы, облыстық «Орталық Қазақстан»

газетінің Бас редакторының орынбасары

Серікбай аға Алпысүлы жастық шақта бірге

жүрген кездерін сағынышпен еске алды.

Өзі басшылыққа келген бір жылдың

ішінде аралас мектепті таза қазақ мектебіне

айналдырып, ұлтының келешегі үшін тыным

таппай еңбек етіп жүрген №36 қазақ орта

мектебінің директоры Бағдат Қыстафина:

— Бүгінгі кешті ездеріңіз көрдіңіздер.

Енді ақын Кәрім Сауғабаевтың туған күні

қазан айының 20 күні мектебімізде «Кәрім

оқуларын» өткіземіз. Білікті маман Мария Хам-

зеқызы Садирова жетекшілік ететін

мектептегі өлкетану мұражайынан ақынға

арнап арнайы бұрыш ашу да ойымызда бар,

—деп көңілімізді аспандатып тастады. Ой-

лаған ісін аяғына жеткізбей тынбайтын та-

банды директордың сөзіне еш шүбә кел-

тірмедік.

Аталмыш мектеп ұжымы бізге үлкен

ой салды. Ақынды еске алу кеші

мектептің шағын сахнасынан емес,

қаламыздағы үлкен мәдениет сарайла-

рында өтсе, кәнекей! Біздің облыста ба-

лалардың тілімен сөйлеп, өлең жазғ-

ан Кәкеңнен басқа ақын некен-саяқ.

Кәкеңнің кітабын шығарамын деп жа-

лғыз жары ғана жүгіріп жүр. «Бұйыр-

тса Балаусадан ағаңның «Жарық-

бай» деген ертегісі шығады деген

үміттеміз» дейді жары Майра апай.

Бұл ақынның бір ғана ертегісі. Кәрім

ағаның ақындығынан өзге ұзақ

жыл журналистика саласында қалам

тербегенін ескерсек, қаншама жазған

дүниелері қамқор қолды қажет етіп жатыр.

Ақынды мәңгілікке еске қалдыру шара-

ларын жасау бұған дейін де әңгіме болған.

Ақиық ақын С.Ақсұңқарұлы «Орталық Қа-

зақстан» газетінің өткен жылдың қазан ай-

ының 21 күнгі санындағы Кәкең жөніндегі

мақаласында «Егіндібұлақтағы, Қарағанды-

дағы үйінің қабырғасына ескерткіш тақта

орнатып, артында қалған мұрасын жалған-

ның жарығына шығарып, ел - жұртының

игілігіне жаратуымыз керек. Жетпіс жылдың

белесіне шыққан қазақтың ғажайып шаһа-

ры Қарағанды қаласының бір көшесіне со-

ның бір сом тұлғалы тұрғыны Кәрім Сауға-

байдың аты берілсе қандай бір ғанибет бо-

лар еді!» деп үлкен бастама көтерді.

Ағалардың ізгі бастамасына қосыла

отырып, мен де өз пікірімді қоса кетуді жөн

көрдім. Кәрім ағаның туған күні қарсаңын-

да қаламыздың үлкен мәдениет сарайы-

ның бірінде ақынның рухына арнаған еске

алу кешін өткізсе бір ғанибет болар еді?!

Көпшілікке белгілі Егіндібұлақ өңірі мен Қар-

қаралы ауданының біраз халқы Майқұдыққа

қоныс тепті. Аталмыш мектепте де осы

өңірдің балаларының көбі оқиды. Кәрім

ағаларын еске алу кешін алғаш ұйымдас-

тырып, жақсы - жақсы бастама көтеріп жат-

қан осы №36 қазақ орта мектебіне неге ақын

Кәрім Сауғабаевтың атын бермеске?! «Бо-

лар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деп

өз топырағымыздан шыққан осындай аза-

матымызды, ақынымызды, қарымды қалам-

герімізді төбемізге көтеріп жатсақ нұр үстіне

нұр емес пе?!

Сөзімнің соңын ақынның:

Ағаларды іні болып сыйладым,

Інілерге қаталдықты қимадым.

Кітап болды қадірлеген дүнием,

Алтын, күміс жимадым... деген өлең

жолдарымен аяқтағым келеді.



Жұлдыз РАЙЫМБЕКҚЫЗЫ.

Әзірге дастарқанын жиып тойдың.

Тереңіне батқанмын сүйікті

ойдың.

Даңқ деген тұғырға жолағам жоқ,

Өлеңді бәрінен де биік қойдым...

Кәрім Сауғабаев.

Орталық Қазақстан.-2004.-25 мамыр.-8 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет