Балапанның басынан кешкендері



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі53,76 Mb.
#11160
11160

С

ә

л



е

м

!



Балапанның басынан кешкендері

 

4



Әнші балапан

Сен білесің бе?

Құмырсқа

Мен суретші боламын

Сиқырлы қарындаш

Қазақ халқының салт-дәстүрі

Сурет салу сабағы

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

8

11

12



16

30

28



21

26

Қызыл кітап



32

34

Шебер қолдар



МАЗМҰНЫ

3


Балапанның басынан кешкендері

4

Қуанышты күн



Балапан  жаз  қызығын  тамашалап  жүргенде  күз  де 

келіп  қалды.  Осы  уақыт  аралығында  өзінің  де  есейіп 

қалғанын  аңғарды.  Аяқтары  ұзарып,  қанаттары  қата­

йыпты. Енді қызыл әтеш пен ақ мекиеннің де көңілі ор­

нына түсіп, бұрынғыдай қатаң  бақылауларын азайтты. 

Күн  суытып, жаңбыр жиіледі. Сондықтан бұрынғы­

дай қыдырыстарға шығуға өзінің де  ықыласы жоқ еді.

Балапанның бір таңғалғаны­ақ мекиеннің қылығы. Ол бір 

сәттерде қора ішіне кіріп кетеді де, сәлден соң бүкіл ауланы 

басына көтеріп, шақыра бастайды. Бұған түсінбеген Балапан 

бірде осы жайлы қызыл қораздан сұрап еді, ол:

­ Тауықтардың жұмыртқалар алдында сондай әдеттері бар, ­ 

деп жұмбақ жымиды.

Сөйтіп жүргенде қызыл мекиеннің бірнеше күн  бойы жоқ 

болып кеткенін аңғарды. Ол көрінбеген сайын Балапанның 

да мазасы кетті. «Бәлкім, бір нәрсеге ұшырап қалған шығар?» 

деген күдік те бой көтерді. «Онда басқалары неге іздемей­

ді?» – деген ойдан да арыла алмады. Содан соң тағы да қызыл 

әтештен сұрауға мәжбүр болды. 

­ Ол аналық  парызын өтеуде, ­ деп жауап берді Қызыл әтеш.



5

Бір күні естен кетпейтін әсерлі  оқиға болды. Қызыл мекиен 

бірнеше күн мекен еткен жылы орнын тастап, аула ішіне 

шықты да, соңына қарап жұмсақ үнмен қыт­қыттай баста­

ды. Кенет қора түбіндегі саңылаудан бес бірдей шіби өріп 

шыға келді. Өздері сондай кішкентай, жүндері сары алтын­

дай жалт­жұлт етеді, шеттерінен сүп­сүйкімді. Қалған та­

уықтар да жұмыртқадан жаңа ғана шыққан ғана шібилерді 

тамашалап жандарынан ұзап  кетер емес. 

Қызыл мекиен басқаларға қыр көрсеткендей, маңайына  

маңғаздана көз тастап, бойындағы мақтаныш сезімін жасы­

ра алмай тұр. Оның бәрін қызықтаған Балапан қызыл әтеш­

тің қасына қалай келіп қалғанын өзі де  аңғармапты.

­ Сен де жұмыртқаны жарып шыққанда осылардай әлсіз, қорған­

сыз болатынсың. Енді бүгін кішкентай шібилерге қамқор болуға 

жарап қалдың. Осылар есейіп қатарға қосылғанша көзден таса ет­

пей, қауіп­қатерден аман болуына көмектесетін боласың,­деді Бала­

панға мейірлене қарап. Балапан бұл сөздерге іштей қуана қосылып 

қана қоймай, кезінде білместікпен біраз машақатқа тап қылғанына 

ұялғандай  сезімде болды.



6

Кішкентай балапандар жанына жүгіріп келіп, нәп­нәзік 

дауыстарымен  шиқ­шиқ етеді. Есейіп қалғанын енді сезін­

ген Балапан сүйкімді шібилерді ертіп алып, аула ішімен әр­

лі­берлі жүгіре бастады. Бұл ойын Балапанға қатты ұнады. 

Ара­арасында қызыл қораз бен ақ мекиенге көз салып еді, ол 

екеуі риза көңілмен Балапандар жаққа қарап мәз болып тұр 

екен.


«Отбасымыздың көбейгені қандай жақсы»,­деп ойлады Ба­

лапан. Жақсылық жасаған күшік пен мысықтың баласына 

бұл қуанышы туралы айтуға асықты.

Осы кезде ызғарлы күз күні де жылынып кеткендей болды. 

Бұның бәрі көңілге қуаныш сыйлаған мейірім мен ізгіліктің 

игі әсері еді...



Мен өзім тап­тазамын, аппақ қана,

Киімім де өзіме шап­шақ қана.

Сондықтан ауылымыз еркелетіп,

Деп кеткен Ақай   демей, «Аппақ бала».

Сабағымды оқимын тақ­тақ қана,

Өлең берсе, аламын жаттап қана.

«Оқушылар, Ақайдай болыңдар!»­деп,

Ағайларым жүреді мақтап қана.

Ата­анамнан суық сөз есітпеймін,

Ойнап қалып сабаққа кешікпеймін.

Таза жүрсем, талпынсам, жақсы оқысам,

Ертең­ақ ер боламын өсіп деймін.

Аппақ бала

7

Әдібай  Табылды



8

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Тоқым қағу

Өзінің  бәсіре  тайын  ерттеп  мінген  бала  алғаш  үйінен 

алысқа жолаушылап шыққан кезде баланың әке-шешесі мал 

сойып,  ауыл  адамдарына  «тоқымқағар»  тойын  жасайды. 

Қуанышқа келгендер той иесіне:

-  Баланың жолы болсын!

-  Жақсы азамат болсын!

-  Аман-сау оралсын!

-  Оң сапар болсын! – деп тілектерін айтады. Жинал-

ғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, 

ар ты ойын-сауыққа айналады.

Тұсау кесу

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кет-

сін деген тілекпен жасалатын ырым. Ол үшін арнайы ала 

жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан 

шыққан. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, 

шашу  шашылады.  Баланың  ата-анасы  тұсау  кесушіге  кә-

десін  береді.  Тұсау  кесу  тойының  негізгі  жабдықтары  ала 

жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері бар. Кө-

бейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай бол-

сын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала 

жіптен де жасайды.

9

Ет асату

Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал та-

бақта  қалған  етті  жас  балалар  мен  жігіттерге  асатуға 

тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ 

келген үйдің маңайында жүретін болған.

Байғазы

Байғазы – балалардың, жастардың жаңадан киген киімі, 

алған заты (мысалы, қамшы, шана, ер-тоқым) үшін берілетін 

сый. Байғазы ақшалай немесе заттай беріледі. Байғазы сұрау-

дың ешқандай ұяттығы жоқ. 

Көрімдік

Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, т.б. алғаш көр-

ген сәтте көрімдік сұрау – халықтың ежелгі және лайықты 

дәстүрі. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, жақын-жуықтың 

адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі 

ретінде саналады. Көрімдік адамға, жандыға, ал байғазы көбі-

несе жансыз дүниелерге қатысты беріледі.

10

Жоғарыдағы ойыншықтардың өздеріне 

сәйкес көлеңкелерін тап!

Бірдей бағыттарды тауып, әрқайсысын 

бөлек түспен боя!


11

1

2

3

4

Сурет салу сабағы



Жұмбақтар

12

Көктемде келіп, күзде кетеді,



Жаздай бауда әндетеді.

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талдаңдап.

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

Дәмі жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

(Жыл құсы, балапан, құмырсқа, ауа, шырша, с

у)

Ж

Қ

Қ

А

Ш

С

Б

Жаңылтпаштар

13

Кеспе, өссін тал,



Өссе өсімтал

Өссе өссін тал

Сақ-сақ сауысқан  саңқылдайды, 

Тоқ-тоқ тоқылдақ тоқылдайды.

Талғат балға тап

Оншақты жаңғақ шақ, 

Шақсаң, сақ шақ.  

Бұл, бұл - піл, 

Бұл бір ірі піл.  

Қызым жүзім же, 

Жүзім үзіп же.

Шаншар шаршап жатыр, 

Қайсар жайша жатыр. 

14

Несіпбек Айтұлы

Қатесіз жазған ғой жақсысы!

Өшіргіш

Өшіргіш 



 оқушы құралы,

Қатеңді өшіріп тұрады.

Дәптерді қолыңмен тырналап,

Былғама, орынсыз жұлмалап.

Өшіргіш аямас көмекті,

Өңдейді, жөндейді ол епті.

Көк сия қолма-қол кетеді,

Қайтадан мұнтаздай етеді.

Өшіргіш 



 тазалық сақшысы,

Дәптер

Он екі ақ парақ,

 Он екі ақ қанат.



Жолдары әсем-ақ,

Сызылған тақталап.

Он екі параққа,

Жазасың сан апта.

Әріптер шығады,

Сап түзеп парадқа.

Жақсы оқып сабақты,

Жаза біл сауатты.

Дәптерің 



 көгершін,

Он екі қанатты.

ДӘПТЕР


15

МҰҒАЛІМ АПАЙ

Ақұштап Бақтыгереева

ГҮЛІҢНІҢ, АПА, АЛ ГҮЛІН!

 Көп ойлап отырма,



Ауылға қадірлі

Кім, атын атай ғой?

– Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні

Мұғалім апай ғой.

– Анадай аяулы,

Мәпелеп өсірген

Кім, атын атай ғой?

– Үйретіп санауды,

Есепке төселткен

Мұғалім апай ғой.

Асыға күтіп жүргенмін,

Болар деп қашан мейрамың.

Суретін салдым гүлдердің,

Келеді соны сыйлағым.

Мейірің мол-ақ бір маған,

Ер жетер әлі-ақ балғының.

Әзірше сыйға арнаған

Гүліңнің, апа, ал гүлін!

16

Орақтұмсық

 

­ 

қарала  балшықшылар 



тұқым дасына  жататын  құс.  Қазақстанда 

Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньнің биік 

таулы беткейлерінде, Іле Алатауының 

Үлкен  және  Кіші  шатқалында,  Ше-

лек,  Асы,  Қаражар  және  Қарқара  өзен-

дерінің жоғарғы ағысында кездеседі. Арқа-

сы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде 

қара жолағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы 

мен аяқтары қызыл түсті.

Ақ  тырна

  -  тырналар  тұқымдасының  бір 

түрі. Қазақстанның батыс және орталық ай-

мақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі 

(тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Қазір-

гі кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай 

өзендері  мен  Арал  теңізі  жағалауында  жиі  кезде-

седі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құй-

рығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. 

ҚЫЗЫЛ КІТАП



17

Ақбас тырна

 – тырнатәрізділер от-

рядына жататын құс. Батыс Қазақстан, 

Ақтөбе,  Қостанай,  Ақмола,  Павлодар, 

Қарағанды,  Шығыс  Қазақстан,  Алматы, 

Жамбыл,  Қызылорда  облыстарындағы  да-

лалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекен-

дейді. Басқа тырналар тұқымдасына қараған-

да  Ақбас  тырнаның  денесі  кіші  болып  келеді. 

Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсында-

ры бар.

Бірқазан

  –  жыл  құстары,  наурыз 

айын да  ұшып  келіп,  өніп-өсіп,  қараша 

айында  жылы  жаққа  ұшып  кетеді. 

Қорғалжын  қорығы  мен  Нау-

рызым қорығында және Са-

рықопа,  Торғай  қорықшала-

рында қорғауға алынған. 

18

Аяз атаның шыршаға барар жолды 

табуына көмектес!

Төртбұрыш, үшбұрыш және шеңберлердің санын анықта !



19

Суретте көрсетілген заттардың 

санын анықта!


20

Әр қатардағы артық затты тап!



21

Сиқырлы қарындаш



22

Cәбит ДҮЙСЕНБИЕВ

Теңбіл доп

Шатақтың бәрі теңбіл доптан шықты. Бұрын олар фут­

болды Қайраттың жыртық қара добымен ойнаушы еді. 

Соның өзі қызық болатын. 

Ойда  жоқта  базарға  барған  әжесі  теңбіл  доп  сатып 

әкеліпті. Оны көрген Тұрсынның қуанышында шек жоқ­

ты.  Теңбіл  допты  құшақтап  барлық  балалардың  үйіне 

кіріп шықты. 

Жаңа доппен футбол ойнауға құмартып, олардың бәрі 

түгел  жиналды.  Қайрат  «енді  бұнымен  ойнамаймыз» 

деп қара допты қақ айырып тастады. Сол күні ойын да 

қызық болды. Ойынның қызықтығы сондай, қас қарай­

са да бірде­біреуі үйіне қайтпады. Допты өзі мақтанып 

көрсетсе де, енді Тұрсын өкіне бастады. Басқалар бұның 

добын қатты­қатты тебе ме, қалай өзі? Қараңғыда тіке­

нек кіріп жарылып кетсе ше? Әрі өз добыңмен ойнаған 

қызық  емес  екен.  Жыртық  қара  допты  аямай  соғатын, 

теңбіл допты жай тебем деп дұрыс ойнай алмады.

Түу,  сол  күнгі  ойынның  ұзаққа  созылғаны­ай!  Әжем 

шақырып жатыр деп алдап кетпекші еді, абырой болған­

да  өздері  де  тарады.  «Ертең  тағы  ойнаймыз,  добыңды 

қалдырмай ала кел»,– деді балалар, Тұрсын допты ұмы­

тып кететіндей­ақ. 

Бірақ, шынында да, олар келесі күні футбол ойнамады. 

Теңбіл допты біреу ұрлап кетіпті. «Кім болса да көрсетер 

едім»,– деп балалардың көзінше өп­өтірік кіжінді Тұр­

сын. Өйткені теңбіл допты тығып қойған өзі еді. Олар 


23

бір­біріне жала жауып, төбелесіп әрең тарасты. 

Теңбіл  доп  жоғалған  соң  балалар  футбол  ойнауды 

доғарды. Ал Тұрсын өзін қоярға жер таппады. Ол фут­

бол ойнауды сұмдық жақсы көретін. Енді кіммен ой­

найды?


Теңбіл доп сандықтың ішінде тығулы жатыр. Күні­

ге мың ашып көреді. Көрген сайын өзінің ағаттық ісі­

не өкініп, іші ашып қоя береді. Енді доптың керегі не? 

Осы ойдың басына ұялауы мұң екен, ол допты қойнына 

тығып, өзенге жүгіре жөнелді. Келген бойда сарқырап 

ағып жатқан өзенге лақтырып жіберді. 

Осымен  теңбіл  доп  хикаясы  аяқталғандай  болған. 

Кешке Тұрсын өрістен ала бұзауды қуалап келе жатқан. 

Алаңға жете бере, шуылдап ойнап жүрген балаларды 

көріп, қалт кідіріп қалды. Олар кәдімгі теңбіл допты 

қуалап жүр. Бұны көрген бойда балалар ойынды қоя 

салып, шулап қоя берді: 

–  Тұрсын,  Тұрсын,  біз  сенің  до­

быңды өзеннен ұстап алдық. 

Тұрсын  қуанып  кетті.  Сол  күні 

олар қас қарайғанша футбол ой­

нады. Тұрсын теңбіл допты еш­

кімнен қызғанбады да.



24

Мына екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығы бар. 

Соларды тап!

Ұқсас доптарды тап!



25

А

А

А

Ж

І

Л

Ө

К

Қ

Ғ

Р

Ұ

Н

Й

Бос орындарға қажетті әріптерді қой!



26

Әнші балапан



Қазағымның салтын,

Қарапайым қалпын, 

Сүйе білген әжем, 

Өнегесі алтын.

Қайырмасы:

Қандай мөлдір жаның,

Салтанатың сәнің.

Құлағымда әжем,

Сенің салған әнің.

Мақпал қамзол киген,

Ыстығыма күйген,

Суығыма тоңған,

Сонда да адал сүйген.

Қайырмасы:

Қандай мөлдір жаның,

Салтанатың сәнің.

Құлағымда әжем,

Сенің салған әнің.

Көктем келді жасыл,

Қуанып бір шашыл.

Ауырмашы сырқап,

Әжем менің асыл.

Қайырмасы:

Сөзін жазған: Хамитбек Мұсабаев

Әнін жазған: Жанат Темір

Ақ әже

27

28

Сен білесің бе?



Тотықұстар

Тотықұстардың  өмірі  кейде  50-60 

жылға,  кейде  100    жасқа  да  созыла-

ды. Қолда өсіргенде 50-80 жылдай өмір 

сүреді.

Тотықұс

 ­ 


ең ақылды құс. Қауырсын-

дары ашық түсті болады. Мойны қысқа, 

басы  үлкен,  тұмсығы  мықты,  қатты 

жемісті жара алады. 

Ең  кішкентай  тоқылдақ  тәрізді  то-

тылардың  дене  тұрқы  8  см,  ең  үлкен 

нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. 

29

Тотықұстар арасындағы әлемдегі 

ең үлкен тұмсық иесі – қара какаду. 

Тұмсығының ұзындығы – 10 санти-

метр. «Какаду» малай тілінен енген 

сөз.  Ол  қазақша  «тістеуік»  деген 

мағынаны білдіреді.

Аустралияда тотықұстарға арналған арнайы мек-

теп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді. «Түлек-

тердің»  оқу  үлгерімдерін  бағалай  келе,  Сиднейдегі 

тотықұстар  мектебінде  1974  жылы  оқытушылар  

50 «оқушыға» жақсы деген, 20 «оқушыға» қанағат-

танарлық деген баға берген.

30

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз 

секілді жәндіктермен дос болыпты.

Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. 

Жалғыз өзі әрі­бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Со­

нан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден­гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жо­

лығады.


– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. 

Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара 

көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп 

кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Құмырсқа


Ол мән­жайды айтып, көмек сұрапты.

– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап 

ұшып кете барады.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. 

Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін 

көріп:


– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.

Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырс­

қаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосы­

лады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі 



құмырсқа.

31


М

Е

Н 



С

У

Р



Е

Т

Ш



І

  

Б



О

Л

А



М

Ы

Н



Аяжан Қайырбек,

Астана қаласы.

Сұлтан Темірбеков,

Шығыс Қазақстан облысы.

Даша Есмахамбетова,

Петропавл қаласы.

32


Нұрқанат Тынымбай,

Астана қаласы.

Жасұлан Базарбаев,

Астана қаласы.

Сара Тынымбай,

Астана қаласы.

33


34

ШЕБЕР ҚОЛДАР

Жаңа жылдық әшекей

Ең алдымен, түрлі-түсті қағаздар 

керек.

1

2

Сызғыш, қарындаш, желім, қайшы-

ны әкеліп қоямыз.

А4 қағазды суретте көрсетілген-

дей екіге бүктейміз.

3

 Артығын қиып тастаймыз. 

Мынадай үшбұрыш шығады.

4

Оны да екіге бүктейміз.

5

Тұйық жағын жоғары қаратамыз да, 

өзімізге ашық жағын бұрамыз.

6


Тұйық жағынан сызықтар жүргіземіз, 

аралары 1 см болсын.

7

Содан кейін оны қиямыз.

8

Оны ашып, әрқайсысын осылай ара-

сынан біреуін тастап, бір-біріне жа-

быстырып, желімдейміз.

Қағазды келесі жағына аударып, екінші 

жағын желімдеп шығамыз.

Міне, мынандай әдемі, қолдан         

жасалған дүниелер пайда болады.

11

10

9

Екі айда бір рет шығатын 

бүлдіршіндерге арналған 

журнал

Журнал Қазақстан 

Республикасы Мәдениет және 

ақпарат министрлігінде тіркеліп,

24.04.2009 жылы №10074­Ж

тіркеу туралы куәлігі берілген.



Шығарушы

«Ш. Шаяхметов атындағы 

тілдерді дамытудың республикалық              

үйлестіру­әдістемелік орталығы» 

РМҚК

Бас редактор

Қонысбай Әбіл



Редактор

Меруерт Шіменбаева



Корректор

Алмажан Қадырхан



Көркемдеуші

Сания Баубекова 



Редакция алқасы:

Ғалымжан Мелдешов

Редакциялық алқа төрағасы

Жанар Асанова

Редакциялық алқа хатшысы

Несіпбек Айтұлы

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сұлтан Қалиев

Балалар ақыны

Толымбек Әбдірайым

Балалар жазушысы

Шайзада Мұхаметжанқызы

«Балалар әдебиеті» баспасының директоры

Аманжол Әлтай

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

филология ғылымдарының докторы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ 

МИНИСТРЛІГІ 

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС

жүктеу/скачать 53,76 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет