Денсаулық жағдайының Қазақстан Респуб ли касының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскер лері мен әскери құралымдарындағы , ұлттық қауіпсіздік,
ішкі істер және мемлекеттік авиация органдарындағы қызметке сәйкес келуіне қойылатын
талаптарды қорға-ныс, ішкі істер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттік орган уәкілетті органмен
келісім бойынша бекітеді.
61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар 1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды
тағайындау мен жүргізудің процестік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу
кодексінде , Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде ,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінде белгіленген.
2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама
зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі
туралы
заңнамасында белгіленген.
62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – физикалық факторлардың
ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық,
вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық,
токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің және
басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің,
жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет
объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау
мақсатында жобаларды сараптау.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық
сараптаманы
санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және
заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган белгілеген