оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату
мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
11) санитариялық паспорты болуға;
12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және
есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе
денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;
14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауатты-лығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық
нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін
қамтамасыз етуге;
15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: