Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет46/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

заңнамасымен
 реттеледі.
101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау
1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-
генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың донорлары
болуға құқығы бар.
2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының кейінгі тағдыры
туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
3. Донорлықты жүргізудің және жыныстық жасушаларды сақтаудың  
тәртібі мен
шарттарын
 уәкілетті орган бекітеді. 
102-бап. Контрацепцияны пайдалану
1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері
мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.
2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі
медициналық көмек көрсетіледі.
103-бап. Хирургиялық стерилизациялау
1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау
отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал
медициналық айғақтар мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда -
жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше
медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар
жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала
хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
3.
Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын
уәкілетті орган бекітеді. 


104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.
Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-
этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды
түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға
дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі
мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін
медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен
сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған
кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады. 
3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-
аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды
түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді
қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет