3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық,
дезинфекция-
лаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен
жүзеге асырылуға тиіс.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сатып алатын профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау
уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.
157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және
жарақаттанудың профилактикасы
1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың
профилактикасы:
1) мынадай:
салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;
бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту
бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;
созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі көмек
көрсетудің қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру
жолымен аурулар қатерінің мінез-құлық факторларының профилактикасын және
халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек
мамандарының бекітілген
тұрғындардың аурулар қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
мамандарының – жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына жүргізетін мониторингін;
3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде,
өзге де органдар мен
ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары
әсерін барынша азайтуды;
4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік
аурулары бар адамдарды
халыққа медициналық тексеріп-қарау жүргізу, оларды дәрігерге ертерек қаралуға уәждеу
арқылы анықтауды;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді,
қалпына келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы,
оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы
сауықтыруды;
6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетілген
мерзімге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым
жеңіл жұмысқа уақытша
ауыстыруды қамтиды.
2. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттік
органдар – өз өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: