6. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және
ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа
алуға;
2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға
жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;
4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау
жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға,
дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы
мәліметтерді жария етпеуге;
6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз дамытуға және арттыруға;
7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе
біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.
7. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика
қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: