жаста балаларда ішек-қарын жолдарының аурулары (диспепсия, дизентерия және т. б.),
рахит, спазмофилия, әртүрлі диатездер, қоректенудің және ас қорытудың созылмалы
бұзылыстары, тыныс мүшелерінің аурулары жиі кездеседі. Балалардың жедел жұқпалы
(қызылша, көкжөтел) аурулары сирек байқалады, бірақ олар көбіне ауыр дамиды. Олардың
ерекше айырмашылығы көбіне жергілікті белгілер шамалы білінеді де, жалпы белгілер
басым болып келеді. Созылмалы аурулардан, соңғы уақытта сирек кездесетін болғанмен,
сифилис (мерез) және туберкулездің іштен туа болған түрлері кездесуі мүмкін.
Сүт тістері кезеңі
– 1 жастан 6–7 жас аралығы:
а) Мектеп жасына дейінгі жас
алдындағы
(үлкен бөбектер бақшасы жасындағы)
кезең.
1-ден 3 жасқа дейін созылады. Күнделікті өмірде 3 жасқа дейінгі балалар ерте
жастағы балалар болып есептелінеді.
б) Мектеп жасына дейінгі кезең
4-тен 7 жасқа дейін созылады. 1-ден 3 жасқа
дейінгі кезең ас қорыту жүйесінің, қозғалысқа икемділігінің, сөйлеудің және сана-сезімнің
жетіле түсуімен сипатталады. Бұл кезеңде балалар өте қозғалғыш, білуге құмар болып
келеді. Қоршаған ортамен белсенді түрде қарым-қатынас жасап отырады. Бұл кезеңде
гигиеналық тәрбиеде жіберген қателіктердің орнын толтыру және күн тәртібін
орындаудың маңызы өте үлкен, өйткені бұл жастағы балалар сыртқы ортаның ықпалына
өте сезімтал болып келеді. Бұл кезеңде балалар қызылша, көк жөтел, жел шешегі, вирусты
гепатит, дизентерия және т. б. аурулармен жиі ауырады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала организмі нығая түседі, бұлшық ет жүйесі
дамып қатаяды, қаңқасының дамуы жалғаса береді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңын ала сүт тістері алмаса бастайды. Бұл жастағы
балалар білуге құмар, бірақ тәжірибесі аз, үлкендердің бақылауы аз әсер ететін
болғандықтан жиі жарақаттар алып тұрады. Бұл кезеңде өткен кезеңге қарағанда даму
құбылысы әлсірейді. Біртіндеп балалар организмінің барлық қызметі жетіледі, бірақ,
дегенмен де қызметінің жеңіл бұзылу мүмкіншілігі сақталып қала береді. Жекелеген
мүшелердің ауруларында жалпы (диффузиялық) реакциямен жауап беруге бейімділігі азая
бастайды. Айналасындағы адамдармен жиі қатынасатын болғандықтан, бұл жастағы
балалар жұқпалы ауруларының барысы жеңіл болып келеді де, ауыр асқынулары сирек
кездеседі. Туберкулезбен ауру жиілігі артып, эндокриндік жүйесінің бұзылу белгілері
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: