Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 ДЕНЕ ПРОПОРЦИЯСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ



Pdf көрінісі
бет81/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.2.4. ДЕНЕ ПРОПОРЦИЯСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Дене ұзындығының өзгеруі дененің әртүрлі бөліктерінің түрлі дәрежеде артуымен
сипатталады 
(1 сурет). 
Мысалы, бас биіктігі 2 есе ғана, тұлға ұзындығы 3 есе ғана өссе,
аяқтардың ұзындығы 5 есе өседі. Дене ұзындығын 100% деп есептесек, жаңа туған
баланың басының жалпы ұзындығына 25% бөлігі келсе, ересек адамдарда 13% келеді.
Жаңа туған баланың аяқтарының ұзындығы дене ұзындығының 40%-ына тең, ал
ересектерде бұл көрсеткіш 52%-ға тең. Тұлға ұзындығы салыстырмалы тұрақтылыкпен
сипатталады: барлық балалық шақ кезінде бұл көрсеткіш жалпы дене үзындығының 40%-
ына тең болып келеді. Беттің жоғарғы бөлігі мен аяқтардың ұзындығының өзгеруі
әсерлілеу болып келеді. Бұл екі сигменттің қосындысы барлық жаста да шамамен бірдей
болып келеді де, дене ұзындығының 60%-ына тең болады. Жаңа туған балаларда, бұның
ішінде беттің жоғарғы бөлігіне 20% және аяқтар ұзындығына 40% келеді. Ал, ересектерде
беттің жоғарғы бөлігіне 8% тисе, ол аяқтар ұзындығы 52%-ға тең. Демек, беттің жоғарғы
бөлігінің салыстырмалы биіктігі және аяқтың салыстырмалы ұзындығы дене
пропорциясының өзгеруінің жақсы сезгіш индикаторы болып есептеледі.

2айлық 5айлық Жаңа 2 6
эмбрион ұрық туылған жасар жасар
нәресте бала бала
12
жасар
бала



1 сурет
. Әр жастагы балалардың дене пропорциясы
Дене өсуі тоқтап қалғанда, осы көрсеткіштер бойынша, тоқтаудың қай жаста
басталғанын анықтауға болады 
.
Күнделікті жұмыста аяқтардың ұзындығының жоғарғы беттің ұзындығына қатына-
сын сипаттайтын пропорциялық индексінің мөлшерінің сипаттамасының да маңызы зор.
Бұл индексті баланың биологиялық жетілуінің және биологиялық дамуының мерзімін
анықтау үшін де қолдануға болады
.
Дененің жоғарғы және төменгі сегменттерінің қатынасын анықтау күнделікті
жұмыста кеңірек қолданылады. Төменгі сегменттің ұзындығын өлшеу үшін қасағалық
нүктемен табанға (еденге) дейін аралық пайдаланылады. Жоғарғы сегменттің ұзындығы
дене ұзындығымен төменгі сегменттің айырмасымен анықталады.
2 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет