Қазіргі кезде тыныс функциясын (әрекетін) бағалау төмендегі көрсеткіштер бойынша
жүргізіледі:
1. Өкпе вентиляциясы (жиілігі, тереңдіг, ырғағы, альвеолалардың вентиляция көлемі,
жұтылған ауаның тарауы).
2. Өкпе көлемі (өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС), өкпенің жалпы сыйымды-
лығы, тыныс шығарудың көлемдік қора, функциялық сыйымдылығы, қалдық көлемі).
3. Тыныс алу механизмі (өкпенің максимальды вентиляциясы (ӨМВ)), тыныс қоры.
4. Өкпедегі газ алмасу (жұмсалған оттек мөлшері, 1 минутта көмір қышқыл газының
бөлінуі, альвеоларлы ауаның құрамы, өттегінің пайдалану коэффициенті (ОПК).
5. Артериялық қанның газдық құрамы (оттегінің және көмір қышқылының парциальды
қысымы), қанда оксигемоглобинннің болуы, гемоглобин және оксигемоглобин,
артерия – вена қанындағы айырмашылық.
I.
Ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс,
яғни тайыздығы, есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы
тереңдігі 8-10 есе төмен.
Бұл физиологиялық ерекшелік мына жағдайларға байланысты:
а) Өкпенің салмағының аздығы, салмақ жасқа байланысты артып, бала 5 жасқа
келгенде альвеолалар толық пайда болып, жетіле бастағанда үлкейеді.
ә) Кеуде қуысы құрылысының ерекшеліктері: кеуде қуысының экскурсиясы
үлкейеді.
б) Бала организмінің оттегіні шектен тыс көп қажет етуі.
Достарыңызбен бөлісу: