Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет223/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Механикалық сарғаю 
— өт жолдары ісікпен немесе үлкейген лимфа түйіндерімен
басылып қалғанда, өт жолдарының атрезиясында өт жолдарында ұсақ тастар қалғанда, өт
қабы қабынғанда байқалады. Қанда байланысқан билирубин көбейеді. Несепте
байланысқан билирубин пайда болады да, уробилин болмайды, нәжісте стеркобилин
болмайды, не өте аз болады.
Гемолитикалық сарғаюдың себептері.
Гемолитикалық анемия, іштен туа біткен
гемолитикалық ауру, гемолизге әкеліп соқтыратын улармен улану. Қанда бос фракциясы
көбейген гипербилирубинемия байқалады да, несепте уробилин мөлшері көбейеді.
Нәжісте стеркобилин көп болғандықтан, оның түсі қара қоңырланады және
гепатоспленомегалия пайда болады.
Бауыр жарамсыздығы синдромы.
Адинамия (әлсіздік), ұйқышылдық, содан кейін
терең ұйқыға ұқсас ессіз қалу (кома пайда болады). Терінің, кілегей қабықтарының түсі
сарғайып, қанда билирубин көбейеді, Куссмауль, Чейн-Стокс тынысы пайда болады.
Аурудың аузынан, терісінен, несебінен тәтті, «бауыр» иісі шығады (метилмеркаптан) және
геморрагиялық синдром пайда болады, бауыр кішірейіп, оның ферменттері (АЛТ, АСТ)
көбейеді.
Өт қабының және жолдарының қабынуын анықтайтын белгілері.
Мэри белгісі

пальпация тәсілімен өт қабының тұсындағы нүктені, яғни іштің тік бұлшық етінің оң жақ
шеті мен қабырға жиегінің қиылысқан жерін басқанда, демалған кезде ауырсыну пайда
болады.
Френикус феномені
(Мюсси) – оң жак бұғана – төс сүйір бұлшық еті аяқтарының
арасын басып, қарағанда ауырғандығы сезіледі.
БОАС белгісі.
VIII омыртқаның оң жағынан басқанда, сол жерде ауыру пайда
болады.
Кер белгісі. 
Бауырды пальпациялағанда, науқас демалған кезде, ауыру пайда болады.
Ортнер белгісі.
Оң жақ қабырғаның бойын қолдың қырымен ұрғылағанда, оң жақ
қабырға астында, тыныс алу кезінде, ауырсыну пайда болады.
242




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет