Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет25/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

87-бабының 5-тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде
ұсынылады.
3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді
ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі
талаптарды:
1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;
2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;
3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және
оларды төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату
тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше
орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.
4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты
мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
5. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы
медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін
және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда
бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейтін осыған ұқсас медициналық
қызмет тарифінен төмендетілмей белгіленеді.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп
құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы
медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен
шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет