Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет355/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Алдын-алуы:
1. резус теріс қанды аналарда гемолитикалық аурудың сенсибилизациясын алдын-алу
(болдырмау).
а) медициналық түсіктердің алдын-алу, гемотрансфузияның мұқият жүргізу.
б) бірінші жүктілілерге, түсік тастаған аналарға туғаннан 48 сағ кейін антирезусті
иммуноглобулинді енгізу. 
2. жүкті әйелдердің изоиммунизациясы анықталған кезде аурудың ауыр түрлерінің
алдын-алу:
а) глюкоза ККБ, С, В витаминдерін, антигистаминді дәрілерді еңгізу.
б) арнайы – антиденелерді жоюға жүкті әйелге күйеуінен алынған тері қиындысын
салу (жүктіліктің соңғы 3 айлығында). 
Алдын-алу
екі бағытта жүргізіледі:
1. Қаны резус-теріс әйелдердің сенсибилизациясының алдын-алу (қан құюды мұқият
жүр-гізу, жүктілікті жасанды үзудің алуын-алу, босанғаннан кейін және жүктілікті
жасанды үзуден кейінгі алғашқы 48 сағатта анти-Р иммунноглобулин енгізу);
2. Жүкті әйелдің изоиммунизациясы анықталғаннан кейін аурудың ауыр түрлерін алдын-
алу (жүкті әйелдің дезинтоксикациялық, гормондық, гистаминге қарсы емдеу,
трансплантат антигендеріне антиденелерді бекіту мақсатымен тері бөлігін алмастыру).
2.4.6. ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАРЫ.
ТЕРШЕҢДІК.
Ыстықтау мен терінің күтімі жеткіліксіз болу нәтижесінде дамиды. Денеде, мойын
тері қатпарларында серозды сұйықтыққа толы көптеген ұсақ көпіршіктер шығады.
Айналасындағы тері өзгермйді.
Тері бүтіндігінің бұзылуы оның инфекциялануына қолайлы жағдай туғазады.
Емдеу
күтім қатерліктерін түзеу, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі қосылған
гигиеналық ванналарды күнделікті қолдану. Жергілікті балалар ұнтағы қолданылады.
Баздану. 
Жиі кездесетін тері зақымдалуы. Баздану тері қатпаларында және жамбаста
орналасады. Баздану бала терісіне жүргізілетін күтімнің жеткіліксіз және дұрыс
ұйымдаспауы нәтижесінде болады (сирек құндықтау мен шомылдыру).
Базданудың 3 дәрежесін анықтайды:
І дәрежесі – терінің аздап қызаруы;
ІІ дәрежесі – терінің айқын қызаруы мен эрозиясы пайда болады;
ІІІ дәрежесі – айқындалған тері қызаруы мен беткейлі сулану анықталады.
Баздану балаға біршама мазасыздану әкеледі. Нәжіс «зәр» ылғалды жаялықтар,
сабын теріге тиіп, ауырсыну мен күйдіру сезімін тудырады. Бала мазасызданып, ұйқысы
бұзылады, тынышсызданады.
Емдеу баланың терісіне дұрыс күтім жасауға негізделген, калий перманганатының
әлсіз ерітіндісі, түймедақ, емен қабығы, итмұрын қайнатпалары қосылған жергілікті және
жалпы ванналар қолданылады. І дәрежесінде теріні қайнатылған өсімдік майымен, А
дәріменінің майлы ерітіндісімен, балалар сықпасымен, ұнтағымен өндейді. Киімін
ауыстыру кезінде «ауа ванналарын» жасайды, зақымдалған тері аймақтарын ашық
қалдырамыз. ІІ-ІІІ дәрежесінде – терінің баздалған жерлеріне 0,5 % резорцин немесе
1,25% күміс нитратының, немесе 0,1% риванол ерітінділерімен суландыру қолданылады.
Кварцтың пайдалы емдік әсері бар (бактерицидті құрғату әсерлері). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет